Ділнәз Ахмадиева бұдан былай қолтаңбасын тек арнайы жерде ғана беретінін айтты
Отандық жұлдыздар естеліктің қай түрі жақсы екенін анықтай алмай, дал болды деп хабарлайды Stan.kz тілшісі НТК арнасына сілтеме жасап.
91 тобы суретке түсе алмаймыз деп қарсылық білдірсе, Ділнәз Ахмадиева автограф-сессия өткізетінін жеткізген. Ерек естелікті иемдену жанкүйерге арман болғанымен, тосыннан түскен мұндай ұсыныс әншілерді тосылтып тастайтыны жасырын емес.
"Біз тек қолтаңба бере алатын жағдайдамыз. Сурет, видеоға түсу бізге қиын емес. Компаниямыздың талабы сондай", - дейді 91 тобының жігіттері.
Көшеде кетіп бара жатқан әртістен автограф сұрау өнер адамының жеке өміріне қол сұғу екенін бірі білсе, бірі білмейді. Алайда қолтаңбаны ерік дәстүрге балаған Ділнәз Ахмадиева 91 сынды автограф-сессия ұйымдастырмақшы. Әнші жүздесудің бүл түрі тыңдармандарына жақындата түсетініне сенімді.
"Әртіс үшін мұндай шара ұйымдастыру өте маңызы. Жанкүйерлеріңмен тілдесесің, сөйлесесің дегендей. Сондықтан осы екі айдың ішінде автограф-сессия ұйымдастыру ойымда бар", - деді әнші.