Отандық жұлдыздар арасында жүріп бара жатқан көлікпен ілесіп билеу сәнге айналып барады (видео)
Бүгінде отандық жұлдыздар арасында көліктен түсе салып билеу сәнге айналып барады. Алайда жаңа челленджің өмірге қауіптілігін көпшілігі түсіне бермейтін тәрізді, деп хабарлайды Stan.kz.
Челлендж шарты бойынша, ағылшын тіліндегі әнді қосып, жүріп бара жатқан көліктен түсіп, ілесе жүріп билеу керек. Осындай видеоларын желіде жарыса жариялағандардың ішінде шоу-бизнес өкілдері де аз емес.
Солардың бірі әнші Алтынай Жорабаева көліктен түсе сала билеп, жұрттың сынына іліккен еді.
[media=jаvascript:;]
Әншінің ізін ала жұлдызды жұп Арман мен Аша Матай да бірігіп билеп, жаңа челленджді қолдайтындарын аңғартты.
[media=jаvascript:;]
Бұл қатардан танымал скрипкашы Жәмила Серкебаева да табылды. Ол көлікпен ілесе жүріп билеп қана қоймай, скрипкада ойнап, жұртты таңғалдырды.
[media=jаvascript:;]
Ал желі қолданушыларының жаңа челленджге қатысты пікірі қақ бөлінеді. Бірі заманыңнан қалыспау керектігін айтса, енді бірі «атың шықпаса жер өрте» дейді. Десе де көпшілігі жұлдыздардың көлікпен ілесе жүріп билеген биіне жоғары баға берген. Сондықтан көпшілік мұндай әрекеттің қауіптілігін ойлай бермейтін тәрізді.
Бүгінде көпшілік хайп қуып, танымалдыққа қол жеткізу үшін түрлі әрекетке барғанымен, алдымен олардың өмірге қауіптілігін ойға алған жөн екенін естеріңізге саламыз.
Stan.kz