» » Шри-Ланкада жарылыстардан кейін никаб киюге ресми түрде тыйым салынды

Шри-Ланкада жарылыстардан кейін никаб киюге ресми түрде тыйым салынды

Шри-Ланкада адамның тұлғасын анықтауға кедергі келтіріп, бет-әлпетін жауып тұратын киім мен бас киім киюге тыйым салынды. 

ШÑи-Ðанкада жаÑÑлÑÑÑаÑдан кейÑн никаб киÑге ÑеÑми ÑÒ¯Ñде ÑÑйÑм ÑалÑндÑ
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі News First басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 
Президенттің жарлығы 29 сәуірде күшіне енді. 

Майтрипал Сирисен елдегі террористік жарылыстардан кейін осындай шешім қабылдаған. Ол жағдайды тұрақтандыру үшін тыйым салып отырғанын айтты.

Еске сала кетсек, 21 сәуірде Шри-Ланка аралының Коломбо, Негомбо және Баттикалоа қалаларындағы шіркеулерде жарылыс болды. Шри-Ланкада қаза тапқандар саны 262 адамға жетті. Зардап шеккендердің саны 452 адамға жетті. 

Бүгінде Шри-Ланкадағы терактіге қатысы бар деген күдікке ілініп, тұтқындалғандар саны 100-ден асады. Тергеу нұсқасы бойынша, жарылыс жасауға 9 лаңкес-жанкешті қатысқан. 

29 сәуір 2019 ж. 429 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 140

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930