» » 7 миллион доллар талап етті: Түркістан облысында 90 жастағы қария Жапония үкіметін сотқа берді

7 миллион доллар талап етті: Түркістан облысында 90 жастағы қария Жапония үкіметін сотқа берді

Түркістан облысында 90 жастағы қария Жапония үкіметін сотқа берді. Төле би ауданы, Леңгір қаласының тұрғыны Мамед Әлиев аталған елдің билігінен 7 миллион АҚШ долларын өтеп алмақшы. Өйткені, оның ауласында кезінде жерленген 24 жапондық жауынгердің сүйегі жатыр екен. Ақсақал тиісті қаражатын өндіріп алу үшін, тіпті Корея мемлекетінен де көмек сұрапты.

7 миллион Ð´Ð¾Ð»Ð»Ð°Ñ Ñалап еÑÑÑ: ТүÑкÑÑÑан облÑÑÑнда 90 жаÑÑаÒÑ ÒаÑÐ¸Ñ ÐÐ°Ð¿Ð¾Ð½Ð¸Ñ Ò¯ÐºÑмеÑÑн ÑоÑÒа беÑдÑ


Дәл үйінің ауласында жапон сарбаздарының қаңқасы жатқанын Мамед ақсақал 60 жыл бұрын біліпті. 1959 жылы Леңгір қалалық атқару комитеті төрағасының шешімімен оған сол кездегі Островский, қазіргі Әйтеке би көшесінен жер телімі берілген. Жаңа үйдің құрылысын бастап жіберген тұрғын көп ұзамай адамның сүйегін тауып алған. Иә, кәдімгі ағаш табытқа салынған қаңқалар. Кейіннен оның 1946-1948 жылдары Леңгірде тұтқында болған жапон сарбаздарына тиесілі екені белгілі болыпты. Міне, содан бері ақсақал әлгі жерленген адамдардың сүйегінен арыла алмай жүр, деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасы». 

«Ол жаққа да тартады, бұл жаққа да тартады. Сол кезде қалалық атқару комитетінің төрағасы: «Мына үйді маған бер, мен сендерге 50 мың долларға кез келген үйді сатып алып беремін», - деді», - дейді Леңгір қаласының тұрғыны Мамед Әлиев.

Отандастарының осында жатқанынан Жапония үкіметі де хабардар екен. 1987 жылдан бастап шетелдік делегация ақсақалдың үйіне жыл сайын келіп-кетіп жүріпті. Әр сапарында ақсақалдың үйін мұражайға айналдырып, жауынгерлердің сүйектерін алып кету жөнінде ауызша айтқан. Сөйтіп, айналаны күтіп ұстағаны үшін қарияға 200 мың АҚШ долларын төлеуге келіскен көрінеді. Бірақ келісім сол күйі орындалмапты. Енді үйдің қожайыны осы жерді барынша күтіп сақтағаны үшін өтемақы берсін деп талап етіп отыр.

«Бала-шағамды, денсаулығымды, бәрін жоғалттым. Менің ақымды төлесін», - дейді Мамед Әлиев.

Жапондар соңғы рет қарияның үйіне 2012 жылы келіпті. Өздерімен бірге жерленген жауынгерлердің ДНҚ-сын анықтайтын мамандарды да ертіп келгенге ұқсайды. Сараптама жүргізіліп, кейбір сүйектерді зерттепті. Бірақ алып кетпеген. Қабірдің бірі бүгінде ақсақалдың жертөлесінде тұр. 

Тұтқындар сол уақытта Леңгірдегі бірқатар ғимаратың құрылысын жүргізген. Баспаналар тұрғызған, мәдениет үйін салған. Жылу электр стансасының кірпішін қалапты. Бүгінде сол нысандардың барлығы халыққа қызмет етіп жатыр. 

 «Олар сол уақытта отандастарының жерленген жерін көруге арнайы келді. Өздерімен бірге мамандары да жүрді. Бірақ қариямен қандай келісімге келгенін, неге уағдаласқандарын мен білмедім. Ақсақал үйіне шақырып, қонақ еткен еді», - дейді 1982-1990 жылдары Леңгір қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары болған Вера Пакрова.

Жуырда Мамед ақсақал Жапония үкіметін сотқа берді. Моральдық, материалдық шығындарымды өтеп берсін деп 7 миллион АҚШ долларын талап етіп отыр. Талап арызды Токиодағы орталық сот қабылдапты. Енді оның қандай шешім шығаратынын уақыт көрсетеді.

02 мамыр 2019 ж. 767 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930