ММА-дан Қазақстан чемпионы Таиландта суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалды
ММА-дан Қазақстан чемпионы Еламан Шалқымбаев Бангкокте өткен жарыс кезінде ерлік жасады. Ол суға батып бара жатқан адамды құтқарды.
Еламан ер адамның бассейнге батып бара жатқанын көріп, оған көмекке асыққан. Ол Үндістан азаматын құтқарып қалыпты.
Қазіргі уақытта Еламан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында еліміздің намысын қорғауда. Онымен бірге өзге де қазақстандық балуандар бағын сынайды.
Жарыстың алғашқы күнінде 13 қазақстандық балуанның 12-сі жеңіске жеткен. Енді тағы 14 балуан ел намысын қорғамақ.
Stan.kz