ДЕРТПЕН КҮРЕС – ОРТАҚ ПАРЫЗ
Кез келген өркениетті мемлекетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл толастаған емес. Өйткені, қоғам дамыған сайын бұл дерттің дендеп бара жатқаны кімді де болса алаңдатпай қоймайды. Жемқорлық біздің елді де айналып өткен жоқ, мұнымен күресуді біз де қолға алдық.
Бұл індет соңғы жылдары қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Ол мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу бола отырып, болашағына кері әсерін тигізері сөзсіз. Жемқорлықпен күрес шаралары күн тәртібінен түспейтіндей халге жеттік. Бұл орайда, республиканың барлық аймағында жиындар мен кездесулер өтіп, тиісті органдар тарапынан бақылау күшейді. Барлық шаралар жүйелі түрде жүзеге асып, бақылау күшейгенмен айтарлықтай нәтижеге қол жеткіздік деп айту қиын. Себебі, сыбайластық азайған жоқ. Қазақта «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» деген сөз бар. Бүгін күн тәртібінен түспей отырған мәселенің оң шешімін табуда барлығымыз біріксек, қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастырсақ істің нәтижесін көруге толық мүмкіндік бар деп ойлаймын. Бұл тұста біздің әрбірімізге керегі – елге деген сүйіспеншілік, ұлттық рух. Өзіміздің, ұрпағымыздың болашағын ойласақ, тірлігіміздің жемісін көруді мақсат тұтсақ, дәл бүгіннен бастап қоғамдық дертпен күресуге күш салуымыз керек. Келер ұрпаққа кедергісіз келешек, жарқын болашақ, бірлігі бекем ел қалыптастыру бүгіннің еншісіндегі жауапты іс.
Елбасының Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауларында да бұл кеселмен күресу шараларын бірінші кезекке қояды. Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі де осы – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Біз осы кеселмен күресу арқылы өскелең ұрпаққа да жемқорлықтың үлкен дерт екенін ұғындыра аламыз. Олар ұғынып қана қоймай, санасына сіңіріп, үлкен қателікке жол беруден аулақ болады.
Гулнур Касымова,
аудандық қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы.