ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ
Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді. Бұл індет соңғы жылдары қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Ол мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу бола отырып, болашағына кері әсерін тигізері сөзсіз. Жемқорлықпен күрес шаралары күн тәртібінен түспейтіндей халге жеттік. Бұл орайда, республиканың барлық аймағында жиындар мен кездесулер өтіп, тиісті органдар тарапынан бақылау күшейді. Десе де, азаяр емес. Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды мемлекеттің басым бағыттарының бірі еткені осы сөзімізге толық дәлел болмақ. Бұл дегеніңіз, қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту.
Елбасы өзінің «100 нақты қадам - Ұлт Жоспарында» дасыбайлас жемқорлық мәселесін басым бағыттардың бірі ретінде атап өтті. Сондықтан да құлқынның қамын ойлағандардың теріс әрекеті бүкіл ел дамуына кері әсерін тигізбеуі үшін бұл дертке қарсы күресуде жұмылған жұдырықтай бірігуіміз керек. Сыбайластықтың басты қаупі – ел бірлігін бұзып, берекені жоятындығын өскелең ұрпаққа жеткізгеніміз абзал. Елдің ертеңі үшін жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою басты мақсат. Ол үшін өмірімізгедендеп еніп бара жатқан жегі құрт секілді көрінетін жемқорлықпен күресуді қоғам болып қолға алғанымыз жөн.
Қорыта айтқанда, жемқорлық ел экономикасының өркендеуіне, бәсекелік қабілеттің төмендеуіне, мемлекеттің халықаралық беделіне кері әсерін тигізетіні бәрімізге белгілі. Онымен күрес бүгінде маңызы бар түйіткілді мәселеге айналды. Өзекті мәселеге айналған жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, алдын алу шараларына ел болып атсалыссақ, дерттің дендеп кетуіне сәл де болса тосқауыл қояр едік. Жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға жол бермеу үшін дер кезінде қоғамдық дерттің алдын алайық.Сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы ең қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бірі екенін естен шығармайық.
Нұрбек Көбеков,
аудандық емхананың заңгер маманы.