» » Жемқорлыққа қарсы жастар қозғалысы құрылды

Жемқорлыққа қарсы жастар қозғалысы құрылды



Қызылорда облысында қоғамның дертіне айналған сыбайлас жемқорлықпен арнайы құрылған Жастар қозғалысы күреске шықты.
Бұл туралы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша І-ші облыстық жастар слеті» барысында айтылды.
Аймақта алғаш рет ұйымдастырылып отырған слеттің өтуіне ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйытқы болды.
«Слеттің басты мақсаты – қоғамда адалдық, шыншылдық, игілік сынды құндылықтарды қалыптастыруға, қоғамдық сананы тәрбиелеуге жастарды кеңінен тарту. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары адамзаттың осындай ізгі құндылықтарын дәріптеуге, насихаттауға бағытталуы тиіс. Біз, бұл бағыттағы жұмыстарға жастардың әлеуетін пайдалануымыз керек», - деді департамент басшысы Абзал Мұхимов.
Облыстың барлық аудандары мен шалғай ауылдарынан да делегаттар қатысқан слеттің салтанатты жиынында Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанынан «Жемқорлықты жоямыз» ұранымен «Жастар қозғалысы» жастар қанаты құрылды.
««Жастар қозғалысы» жастар қанатының мақсаты - тұрмыстық жемқорлықты жоюға атсалысу, кез-келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне төзбеушілік қағидатын қалыптастыру. Алғашқы кезекте, белсенді жастар қатарынан спикерлер тобын құрып, ЖОО мен колледж студенттері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз және жемқорлықты бірлесіп жеңу үшін замандастарымызды қатарымызға тартамыз», - дейді «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілес.
Слет қорытындысымен сырбойылық жастар «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобасына қолдау білдіре отырып ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа ашықхат жолдады.
Алдағы уақытта қызылордалық жастар елордамыз Нұр-Сұлтан қаласына барып, Агенттік төрағасымен кездесіп, аймақ жастарының ұсыныс-пікірлерін жеткізуді жоспарлап отыр.
Слет аясында мемлекеттік бағдарламалар мен гранттар көрмесі өткізіліп, кәсіби бағдарлану бойынша мамандар кеңестер берді. Сондай-ақ, жастар мен жастар қоғамдық бірлестіктеріне мемлекеттік сатып алу бойынша тегін семинар ұйымдастырылды.
29 мамыр 2019 ж. 1 282 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930