» » Әзірейілді көрген әже

Әзірейілді көрген әже

Түркістанда Әзрет Сұлтан кесенесінде жұмыс істеп жүрген кезім. 2009 жылдың ораза айы бітіп 20 қыркүйек айттың бірінші күні еді. Кесенеде адам көп. Сол күннің минут, секунттары бәрі есімде. Сағат 10.30 шамасында телефоныма қоңырау келіп түсті. Ашып бетін қарасам әпкемнің аты шықты.


Айт мерекесімен құттықтау сөздерін есіме түсіріп «Аллоу, айт мерекесі құтты болсын»-дедім. Бірақ телефонның арғы жағынан жылап, өксіген дауыс шығып жатты. Мен түсінбей тұрып қалдым, ал әпкем сөйлей алмай бір минуттай жылап тұрды. Сосын барып «інің Қуаныш қайтыс болды»-деді. Менде тіл қатуға шамам келмей, мең-зең болып, тірі өлік болып қаттым да қалдым. Солай телефонды басып қойды. Жұмысқа да ескертпей бірден көлігіме жүгіріп Арыс қаласына бет алдым. Жол жөнекей телефон шалып сұрастырсам, көлік апаты болыпты. Қасында 85 жастағы әжем болған. Ол кісінің жаны аман болып, тез арада ауруханаға алып кетіпті.


Арысқа келіп әуелі әжеме кіріп шығайын дедім. Ауруханаға келіп әжеме кірсем төрдегі төсекте жылап жатыр. Беттері көгерген, бір қолы шыққан, басы-қолдарына бинт орап тастаған. Қасына жақындағаннан «менің Қуанышым қайда»-деді. Алдында маған ағаларым ескерткен болатын, әжеме айтпауымды немересінің о дүниеге аттанғанын. Сөйтіп жан-аман жұмысқа шығып кетті деп ақталдым. Сосын тағы сұрақ қойды. "Қасымыздағы кісі қайды, оған не болды"-деді. "Қандай кісі?"- деген едім, "ол мені есікті ашып, сыртқа итеріп жіберді ғой"- деді.


Сол уақытта дәрігер кіріп көп мазаламауымды өтінді. Мен шығып ініме кеттім. Інім 19 жаста еді. Үйленбеген. Көлікті 1 ай болған алғанына. Жұмысқа тұрағанына да 1 ай болған. Ел жиналып, көздің жасын ағызып, қазақтың салт-санасымен қимастай болып жап-жас жігітті жер қойнауына тапсырдық.


Жетісі өтті, қырқы өтті, әжемізде естіді. Құдайға ренішін айтып неге мені емес, баланы алдың деп ол жылады. Бәрі біткен соң жиналып болған жәйтті әжемізден анық-қанығын басынан сұрап бастадық. Әжеміз осылай әңгіменің басын өрбітіп бастады.


Жұма күн болатын. Бала айт намазға қатысып, әжесіне келіп үй-үйлерге айттап шығайық деген. Солай әжесін ауылдан қалаға алып келе жатқан жері. Енді әжеміз айтады, «Тым қатты келе жатқан жоқпыз. Көліктің алдыңғы жағында, баланың жанында отырмын. Бала еш сөйлемей жолға қарап келе жатыр. Сөйтіп көзімнің жанынан бір нәрсе көрінгендей болды. Жаныма қарасам баланың артқы жағында бір кісі отыр. Жол жөнекей ауыл арасынан қалаға адам алып алған екен деп қайтадан алдыма қарадым. Бірақ ойландым, бұл адамды қашан тоқтап алған деп есіме түсіре алмадым. Жарайды қартайғанның белгісі ғой деп мән бермедім. Қай ауылдың баласы екен деп қайта қарадым, бірақ тани алмадым. Сол кезде мен оның түрін сондай анық көрдім, егерде қазір оны көретін болсам бірден танитын едім. Орта жастағы, сарғыш келген көзіне қарап отырдым да, ол да менің көзіме қарап бірден баланың құлағына еңкейіп бірдеңені сыбырлады. Бала кішкене жымиып, сол сәттен бастап көлік жол жиегіне шығып кетеді. Көлік көпірдің үстінен секіріп бара жатты, ал әлгі кісі мені көліктің есігін ашып сыртқа қаратай итеріп жіберді. Ары қарай ес-түсімді білмеймін. Көзімді ашсам ауруханадан бірақ шығыппын. Әй Әзрейіл неге кезекпен алмай, жас баланы әкеткенің не?» деп жылап әжеміз отырды…

alashainasy.kz


29 мамыр 2019 ж. 602 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930