» » » Кет бұл жерден: Журналист өзін Димаштың продюсері ұрып, залдан қуып шыққанын айтты

Кет бұл жерден: Журналист өзін Димаштың продюсері ұрып, залдан қуып шыққанын айтты



Әнші Димаш Құдайбергеннің продюсері Алпамыс Шәрімов журналистерге ұрсам деп басы бәлеге қалды. Журналистің бірі продюсердің өзін арқасынан ұрып, залдан қуып шыққанын айтты.

“Жайық Пресс” ақпараттық агенттігінің тілшісі Динара Кіндербаеваайтуынша, Әнші Димаш Құдайбергеннің продюсері Алпамыс Шәрімов ұйымдастырған гранд-балл соңы дауға ұласқан.
“Орал қаласында өтіп жатқан гранд-балдың даумен өтіп жатқаны бірінші рет емес. Шараға келген журналистердің бәрі тұрып тұрды. Маған суреттен бөлек, видеокадрлар керек болғандықтан баған жанында тұрдым. Бір кезде Алпамыс Шәрімов мені киімімнен ұстап “кет бұл жерден” деді. Ол кешті өткізгендіктен уайымдап тұрған болар деп ойладым. Жерлесіміз деп жүрген адамның істеп отырғаны”, – деп жазады Динара Кіндербаев желіде.



Айтуынша, әншінің продюсері бұдан кейін де қайта келіп, айқайға басқан. Тіпті арқасынан ұрып жібергенін айтты.
“Мен Динара Сәтжаннан сұхбат алып тұрғанмын. Сұхбаттан соң бірден суреттерді тексеріп айлайын дедім.Осы кезде біреу арқамнан қақты. Бірнеше рет қағып жібергеннен ауырғанын сездім. Қарасам тағы Алпамыс. “Саған кет дедім” дейді ашуланып. “Менде неңіз бар? Ұрмаңыз мені дедім”. “Ұрам. Ұрам. Бұл жерден кет” деп еріктілерден мені сыртқа шығаруын сұрады. Меніқарсыласқаныммен қоймады. Бір кезде продюсердің “Ақ Жайық” арнасының тілшісі Ержан Өтепқалиевпен ерегесіп тұрғанын көрдім. Оған даусын көтере айқайлады, – дейді журналист.



Айтуынша продюсер тілші жігітке “сен кімсің, бұл жерден кет” деп айқайлаған. “Өзің кімсің?” деген сұраққа “Мен осының иесімін. Балдың иесімін” деп жауап берген.
“Осы кезде мен араластым. Алпамыс, сіз неге құқығыңыз жоқ нәрсені істеп тұрсыз? Арқамнан неге ұрып тұрсыз? Адамдарды мал көріп тұрсыз” дедім. Ол мені ұрмағанын айтты. Бірақ оның алдында ғана “ұрам” деген өзі еді. “Оңбаған екенсің” деп қарап тұр”.
Осыдан кейін әріптесі Қарлығаш келіп, кешірім сұрады. Алпамыстың уайым үстінде жүргенін айтты.  Біздің киіміміз сай келмейтініне ренжігенін жеткізді. Бірақ, дресс-код талабын ұстанбаған ұлттық арнаның тілшісімен басқаша қатынаста болды. Ал, біздің қарапайым тілшілердің, дресс-кодпен жүретін жағдайымыз бола бермейді. Балға дейін басқа түсірілімде боламыз. Астық даласында жүріп сюжет жасауымыз мүмкін. Немесе осы баллдан шығып, сол жаққа баруымыз мүмкін. Тіпті, киім ережесін бұзсақ та продюсердің мұндай қатынас ұстауға қақысы жоқ еді. Жерге түс, гранд-балдың төресі, мүмкін сол кезде адамдар саған жақындайды, – деп жазды Динара Кіндербаева.


Stan.kz 

04 қазан 2018 ж. 732 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930