Ақтөбеге Димаш Құдайбергеннің әлем бойынша фанаттары жиналатын болды
Ақтөбеде 1-2 маусымда өтетін «Бақытты бала» балалар арасындағы вокалдық фестивалінің аясында Димаш Құдайбергеннің фан топтарының жетекшілері Ақтөбеге келуді жоспарлап отыр. Бұл туралы әншінің анасы Светлана Айтпаева айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.
«Қазіргі кезде әлемнің 100-ден астам мемлекетінде Димаштың фанклубы бар. Фантоптардың жетекшілері Ақтөбеге келуге ұсыныс айтты. Фанаттардың келуін, жол шығындарын Мәдениет және спорт министрлігі жанынан құрылған «Қазақ туризм» ұлттық компаниясы мен Ақтөбе әкімдігі өз міндетіне алды», – дейді Светлана Айтпаева.
Әншінің анасының сөзінше, шараға АҚШ, Германия, Малайзия, Жапония, Польша, Франция, Индонезия, Украина, Қытай мен Қазақстандағы әншінің фан топтарының жетекшілері келеді екен.
Сонымен қатар Светлана Айтпаева Димаштың ұстазы, ақтөбелік әнші Марат Әйтімовтің шеберлік сабақтары әлемге кеңінен танымал екенін айтты. Марат Әйтімов «Бақытты бала» фестивалі өтетін күндері шараға қатысушылар мен Димаштың фанаттары үшін шеберлік сабағын өткізетін болады.
http://stan.kz