» » XIX ғасырдың қаруын заңсыз сақтап келген

XIX ғасырдың қаруын заңсыз сақтап келген

Полицейлер заңсыз сақталып келген көне қаруды тәркіледі, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көне қару ШҚО, Бесқарағай ауданында 70 жастағы қарияның үйінен шыққан. 1899 жылы жасалған мылтықтың маркасы - «Бердана». Иесінің айтуынша, ескі мылтық оның қолына 1986 жылы тиіпті. 1922 жылы туған ағасы беріп кетсе керек.
«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы кезінде тәркіленген майда ұңғылы қару зауыттан шыққаны анықталды. Ішкі істер бөлімшелерінің есебінде тіркелмеген. Яғни ешқандай қылмысқа қатысы жоқ. Дегенмен, тәркілеген бойда Семей қаласының полиция басқармасына қарасты жедел криминалдық бөліміне тексеруге жібердік», - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз өкілі Азамат Раисов.
Жыл басынан бері облыс тұрғындары өз еркімен қару өткізіп, жалпы сомасы 10 млн теңге өтем алған.
04 маусым 2019 ж. 611 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930