» » Инкассаторларды өлтірген пошта қызметкері болып шықты

Инкассаторларды өлтірген пошта қызметкері болып шықты



Түркістан облысы, Арыс ауданында инкассаторларды қасақана өлтірген еңбек демалысында жүрген  пошта қызметкері болып шықты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Екі инкассаторымен бірге із-түссіз жоғалып кеткен қызметтік көліктің ішінде ауыл тұрғындарының зейнетақысы мен жәрдемақысын төлеуге арналған 7,5 миллион теңгеден астам қаржы болған. Күдіктілердің мекен-жайын анықтау мақсатында, барлық іс-шаралар  атқарылды.  Түркістан облысы Полиция департаменті мен Арыс АПБ-нің арнайы кәсіби мамандардан жедел-тергеу тобы құрылды. Олар із-түссіз жоғалған инкассаторларды арнайы іздеп, барлық аудан орталығына  шығар жерлерді, аймақтарды, көшелер мен қиылыстарға қойылған бейнекамераларды тексерді. Куәгерлерден сұрақ-жауаптар алып, қажетті деген шараларды атқарды»,- деді облыстық полиция департаментінің бастығы.

Қайрат Дәлбековтің сөзінше,  өңірдің жедел уәкілдері сол күні сағат шамамен 20:00-ден асқанда Арыс қаласынан 3 шақырым жерден көлікті тапқан. Оны тексеру барысында қан іздері алынып, инкассаторлардың қасақана өлтірілгені белгілі болған. Ал, келесі күні таңғы сағат 6:00-де  аудан орталығынан 35 шақырым жерден бастарына оқ тиген инкассаторлардың мәйіті табылған.

 «Жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктінің тұлғасын анықтадық, сондай-ақ оны тұрғылықты мекенжайында ұстадық.  Күдікті азамат  пошта бөлімшесінің қызметкері, 1981 жылғы жергілікті тұрғын болып шықты. Ұсталған азаматтан аңшы мылтығы пен ұрланған ақшалар табылып, тәркіленді. Күдіктінің айтуына қарағанда, ол еңбек демалысында жүріп, әріптестерімен бірге барар жеріне жеткізуді сұранған. Содан кейін автокөлік ішінде отырып, екі әріптесін атып, ақшаны алып, бой тасалаған. Ер азамат ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабымен, яғни  99-бабы «Адам өлтiру» және 192-бабы «Қарақшылық» бойынша қылмысты жасаған деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады»,- деді генерал-майор.

Еске салайық, 7 маусым күні Арыс қаласы маңында белгісіз біреулер инкассаторларды өлтіріп, қызметтік көліктерінен 7,5 млн теңгесін тонап кеткен болатын. 

10 маусым 2019 ж. 1 203 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930