» » Қызылорда қаласының үздік жедел уәкілдері анықталды

Қызылорда қаласының үздік жедел уәкілдері анықталды


2017 жыл көлемінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, қызметтік міндеттерін адал орындағаны және резонансты қылмысты ашу, қылмыскерлерді анықтау кезінде жоғары кәсібилік танытқан  Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы Криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілдері арасында «Үздік жедел уәкіл», «Алғыр жедел уәкіл», «Әзірлемеші жедел уәкіл» аталымдары бойынша конкурс өткізілген болатын. 

Байқаудың мақсаты – полиция қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру деңгейін жоғарылатумен қатар, кәсіби қызметіне ынталандыру болып табылады. Жеңімпаздарды анықтау үшін полиция қызметкерлерінің жұмыс көрсеткіші, тәулік ішінде ашқан қылмыстарының саны, орындаушылық тәртібі, жүргізген арнайы іс-шаралары басшылыққа алынып, нәтижесінде «Үздік жедел уәкілі» аталымына полиция аға лейтенанты Қалымбетов Бейбарыс Оразбайұлы, «Әзірлемеші жедел уәкіл» аталымына полиция майоры Боханов Талғат Қуанышбекұлы, «Алғар жедел уәкіл» аталымына полиция лейтенанты Бектаев Дастан Берікұлы лайықты деп танылды.
2018 жылы 23 ақпанда департаменттің үлкен мәжіліс залында өткізілген әскери-қызметтік даярлық сабағында үздік деп танылған полиция қызметкерлері басқарма бастығының дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Шараға полиция қызметкерлерінің ата-аналары да қатысып, Алғыс хатқа ие болып, гүл шоқтары табыс етілді.



Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
27 ақпан 2018 ж. 1 267 0