Болашаққа қадам
Тәуелсіз Қазақстанның саяси өмірінде үлкен оқиға болды. Күні кеше Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік сарайында жаңадан сайланған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімінде Мемлекет басшысы ретінде Қазақстан халқына ант берді.
Сайлау жоғары деңгейде өтті десек болады. Біздің қоғамда демократияның серпілісі бар екенін көрсетті. Таңдау Қасым-Жомарт Кемелұлына бекерден бекер түскен жоқ. Себебі, ол әлемдік деңгейдегі саясаткер. Тұңғыш Президентіміз Елбасының саясатын жалғастырушы тұлға.
Әрине, жаңа президенттен өзгерістер, сайлауалды бағдарламасына қойған міндеттерін орындалуын күтеміз. Менің ойымша, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сөздің ғана емес, істің де адамы. Сайлауалды бағдарламасында саяси платформасының негізгі бағыттарының орындалу механизмдерін көрсеткен. Сол себепті, бүкіләлемдік аренада, қауымдастықта өз орны бар қазақ қоғамы біртұтастығымен дамитынына мен кәміл сенемін. Біз осы сайлауда халқымыздың, қоғам мүшелерінің өзі үшін ғана емес, болашағы үшін дауыс берген күннің куәсі болдық.
Баймырза ҚОЖАМБЕРЛИЕВ,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы.