» » Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде Қазақстан президенті атанды

Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде Қазақстан президенті атанды

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде Қазақстанның президенті болды. Мемлекет басшысы тоғызыншы маусым күні өткен президенттік сайлауда дауыс берушілердің 70,96% даусын жинап, жеңіске жеткен болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында халық таңдаған жаңа президентті ұлықтау рәсімі болып өтті.

1995 жылдың 26 желтоқсанындағы "Қазақстан президенті" жөніндегі Конституциялық заңға сәйкес, мемлекет басшысы өз қызметіне халыққа ант берген сәтінен бастап кіріседі.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн" , - деп ант берді Тоқаев.

Орталық сайлау комиссиясының басшысы Берік Имашев Тоқаевқа президент куәлігін табыстады.







NUR.KZ
12 маусым 2019 ж. 1 032 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 135

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930