» » Мәжіліс бірауыздан мақұлдады: Жаңа экология министрі тағайындалды

Мәжіліс бірауыздан мақұлдады: Жаңа экология министрі тағайындалды

Бүгін, 17 маусымда, мәжіліс экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


ÐаÒзұм

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысы өтіп, депутаттар экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына Мағзұм Мырзағалиевтың кандидатурасын тағайындау туралы келісті.

Бұл мәселе «ҚР парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес комитет отырысында қаралды.

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты премьер-министр кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды. 

«Парламент мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысының қорытындысы бойынша «ҚР парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес премьер-министр ұсынған Мағзұм Маратұлы Мырзағалиевтың кандидатурасы экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынылды», - делінеді мәжілістің хабарламасында.
Отырыс соңында депутаттар кандидатқа алдағы жұмысында табыс тіледі. 

Stan.kz 
17 маусым 2019 ж. 581 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 143

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930