» » Қызыл “қанға боялған” Каспий теңізі тұрғындардың үрейін ұшырды

Қызыл “қанға боялған” Каспий теңізі тұрғындардың үрейін ұшырды


Қызыл түске боялған Каспий теңізінің суы тұрғындардың үрейін ұшырды. Бұл ретте жергілікті экология департаменті судың не себепті “қызыл қанға” боялғанын анықтап, жауап берді.


Бұл туралы LADA.kz Маңғыстау облысы экология департаменті басшысының орынбасары Руслан Төкеновке сілтеме жасап.

Каспий теңізі жағалауындағы су балдырлардың кесірінен қызыл түске енген.

“Біз төңіректі қарап шығып, зертханаға сынама алдық. Бізбен бірге “Қазгидромет” РМК мамандары жұмыс істеді. Қазіргі таңда талдау жүргізіліп жатыр. Балдырлар қызыл түске боялады, сондықтан да теңіз суында осындай реңк пайда болған. Онда құстар жүр, осы балдырларды азық етіп жатса керек. Ол еш зиян келтірмейді, табиғи процесс. Зерттеу нәтижесі бойынша балдырлар қоршаған ортаны ластай ма, жоқ па, нақты белгілі болады”, — деді Руслан Төкенов.

Су түсінің өзгергенін Ақтау тұрғындары 6 қаңтарда байқаған.

http://stan.kz

09 қаңтар 2018 ж. 1 914 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930