» » » Шымкентке қаңтар басында көктем келді (фото)

Шымкентке қаңтар басында көктем келді (фото)


Шымкенттегі ауыспалы жылыну ағаштардың бүршік атып, өсімдіктердің гүлденуіне әкелді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.


Мереке күндері Оңтүстік Қазақстандағы термометрлер +10, кейде + 15 градус нөлден жоғарыны көрсетті. Шымкенттіктер Жаңа жылды қарсыз қарсы алды. Ауаның жылынғанын өсімдіктерге қарап байқауға болады. Олар бүршік атып, гүлдене бастады.



Синоптиктердің айтуынша, оңтүстікте қыс қарсыз және жылы болады. 2017 жылдың желтоқсанында орташа ауа температурасы өткен жылмен салыстырғанда 2 градусқа жылы болды.

“Қаңтардағы орташа ауа темературасы -1-ден – 10 градусқа дейін күтіуде. Бұл оңтүстік үшін қалыпты жағдай. Қаңтарда қатты аяз болмайды. Тек, ай соңында күн салқындауы мүмкін. Ертең қалада жауын-шашын мен жел тұрады деп күтілуде. Бірақ 4-5 қаңтарда күн жылына бастайды”, – дейді ОҚО “Қазгидромет” инженер-синоптигі Салтанат Қоныс.


Stan.kz
02 қаңтар 2018 ж. 1 813 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930