» » Жаңа министр ҰБТ-ға қатысты "жаңа" ұсыныс айтты

Жаңа министр ҰБТ-ға қатысты "жаңа" ұсыныс айтты

ҰБТ өткізуге дайындық жүргізіліп жатыр.

Ðаңа миниÑÑÑ Ò°ÐТ-Òа ÒаÑÑÑÑÑ

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өңір әкімдіктерінен ҰБТ нәтижелері бойынша облыстардың, қалалар мен мектептердің рейтингтерін жасамауды сұрады, деп жазады ҚазАқпарат.

«ҰБТ кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау, ҰБТ өткізу пунктерін медициналық персоналдармен қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, ҰБТ нәтижелері бойынша облыстардың, қалалар мен мектептердің рейтингтерін жасамауды сұраймыз. Қазіргі таңда ҰБТ - өз еркімен жоғарғы оқу орындарына түсу үшін тапсыратын емтихан болғандықтан, осы нәтижелерді рейтинг жасауға пайдалану - біздің ойымызша, дұрыс емес», - деді Білім және ғылым министрі Үкімет отырысында. Асхат Аймағамбетов үшіншіден, мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарына қолайлы жағдай жасауды, балаларды тасымалдау мәселесін ұйымдастыруды сұрады.

«Жалпы, ҰБТ өткізуге дайындық жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Биылғы тестілеуді өткізуге дайынбыз», - деді министр.

ERNUR.KZ
18 маусым 2019 ж. 823 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30