"Алматыжолзертханасы" басшысына 40 миллион теңге айыппұл салынды
"Алматыжолзертханасы" РММ басшысы 2 миллион теңгеге пара алғаны үшін 40 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдеріне сілтеме жасап.
"Кенжеғұл Сахи 2018 жылдың желтоқсанынан бастап 2019 жылдың сәуіріне дейін "Казахдорстрой" ЖШС директоры З. Дощановтан жол құрылысына материалдарды арзанырақ етіп өзгертуге келіскені үшін жалпы сомасы 2 миллион теңге пара алды. Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты", - делінген хабарламада.
Оған 12 маусымында Талдықорған қалалық сотының үкімімен 40 миллион теңге айыппұл салынды. Ал Дощановқа 30 миллион теңге. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген күнінен бастап 1 жыл ішінде айыппұл төленуі тиіс. Шарт орындалмаған жағдайда жаза бас бостандығынан айыру түріне ауысады.