» » Қазақстанда 1 шілдеден бастап полицейлердің жалақысы қаншалықты артады

Қазақстанда 1 шілдеден бастап полицейлердің жалақысы қаншалықты артады

ÒазаÒÑÑанда 1 ÑÑлдеден баÑÑап полиÑейлеÑдÑÒ£ жалаÒÑÑÑ ÒанÑалÑÒÑÑ Ð°ÑÑадÑ

Қазақстанда ішкі істер министрлігінің 105 бөлімі таратылып, 10 мыңнан аса органы мен бөлімі қысқартылды. Соның нәтижесінде үнемделген қаржы 1 шілдеден бастап полицейлердің жалақысын арттыруға жұмсалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ІІМ мәліметінше, бүгінде елбасының тапсырмасы бойынша ішкі істер органдарын жетілдіру бойынша 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы әзірленіп, жүзеге асырылуда. Бірінші кезеңде ішкі істер министрлігінің 105 бөлімі таратылып, ІІМ 10 мыңнан аса органы мен бөлімі қысқартылды. 
«Сонымен қатар артық басқару бөлімдері таратылып, 1 180 басқару қызметі қысқартылған. Мамандандырылған күзет қызметімен қорғалатын 32 нысан бәскелелік ортаға тапсырылды.
Нәтижесінде полицейлер саны 100 мың адамға шаққанда еуропалық орташа деңгейге дейін, яғни 471-ден 393-ке қысқарды», - дейді министрліктегілер.
Оңтайландыру нәтижесінде үнемделген қаржы 1 шілдеден бастап полицейлердің жалақысын арттыруға жұмсалады. Осылайша, патрульдік полиция қызметкерлерінің жалақысы 65 пайызға, жедел қызметкерлер мен тергеушілердікі 55 пайызға, учаскелік инспекторлар мен ЖОО оқытушыларынікі 25 пайызға, басқа қызметкерлердікі 20 пайызға артады. 
Сондай-ақ ІІМ баспананы жалға алғаны үшін өтемақы алатын қызметкерлер тізімі кеңейтілгенін мәлімдеді



https://stan.kz

21 маусым 2019 ж. 417 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930