» » Ақтөбеде көлік астына түсіп, көз жұмған баланың көгершінге айналғаны рас па?

Ақтөбеде көлік астына түсіп, көз жұмған баланың көгершінге айналғаны рас па?



Ақтөбеліктер адам сенгісіз таңғажайып оқиғаның куәсі болды. Доп ойнап жүріп көліктің астында ажал құшқан кішкентай Кәрімнің құсқа айналғаны рас па? Өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі марқұм болған баланың ата-анасынан эксклюзивті сұқбат алды.

Қайғылы оқиға 2019 жылдың 3 маусымында Ақтөбе қаласының Қарғалы ауылында болған еді.
Ойнап жүріп добына жүгірген бүлдіршінді жүк машинасы тапап кеткен. Оқиға алты жасар баланың бауырларының көз алдында болды.

"Үш ұлым жолдың шетінде тұрған. Допқа жүгірген Кәрімді "Газ53" ассенизатор машинасы басып кеткен. Машина 21 метрден кейін ғана тоқтаған.

Бұл оқиға "Керімай" балабақшасы есігінің алдында болды. Балалар балабақшадан шығып, бәрін көрген.

Балам қыркүйек айында 7-ге толатын еді. Ол бар болғаны 1 сыныпты ғана бітірді. Баламның өлімінен кейін көгершін бізге алданыш болды. Ол да Кәрім секілді аппақ, әдемі ерекше құс", - дейді марқұм болған бүлдіршіннің анасы Айнұр.

Кішкентай балақайдың туыстары алты жасар Кәрімнің рухы құс болып келгеніне сенеді. Бүлдіршінді жер қойнына тапсырғаннан кейін үйдің айналасында жалғыз ақ көгершін пайда болған.

"Ол бір адам сенгісіз жағдай. Көгершін үйдің айналасында баланы жерлеп келген күні пайда болды. Үйдің қасында ұшып жүрген көгершінге көп көңіл аудармадық.

 
Садақа кезінде көгершін үйдің ішіне ұшып келді. Алдымен дәлізде отырды. Сол кезде көңіл аударып, бәріміз тып-тыныш болып қалдық. Ол ұшып барып дастархан жаюлы тұрған қонақ бөлмесіне кірді.

Жоғарыда отырған үлкен нағашы әжесінің басына қонды. Сол жерде құран оқыдық.  Құран оқылып жатқанда тапжылмай әжесінің басында отырды.

Бәріміз де толқыдық. Үнсіз аппақ әдемі көгершінге қарап ұзақ отырдық. Атасы мен әкесі қолын созған кезде ғана ұшып кетті. Далаға шықса да үйдің қасынан кеткен жоқ
Сарайға кірді, есіктің алдында ойнап жүрген балалардың қасына емін-еркін барады.
Сол жерде көгершін ұстайтын бір кісі бар еді. Баланың әкесі соларға барып та сұрады. Көгершін ол үйдікі емес болып шықты.

Әдемі құс үйдің айналасында немеремнің жұмалығы өткенше жүрді", - дейді марқұмның әжесі Бақытханым Кабдушева.

Кәрім отбасындағы үшінші бала болған. Өзінің алдында әпкесі мен ағасы және інісі бар. Марқұм болған періштенің әкесі де балаларының құс болып келіп, қоштасқанына сенеді.

"5 маусым күні баламды жер қойнына беріп келгенімізде үйдің төбесінде ақ көгершін отырды. Мән берген жоқпыз. Ойнап жүрген балаларды айналшықтап жүрді. 7 маусым жұма күні болатын.

Үлкен балам "Кешегі көгершін үйге кірді" деп жүгіріп келді. Оның ұшып жүргенін видеоға түсірдік. Сыртқа ұшырғанымызда да алысқа кеткен жоқ. Қорықпай, үйді айналшықтап жүрді.
Есіктің алдындағы үлкен ғимаратта біздің үйге қарап бірнеше күн отырды. Терезеден қарағанымызда бізге қарай ұшып келіп, қайтадан орнына барып отыратын.
Кейде дуалдан үйдің терезесіне қарап отырады. Тамақтандырып жүрдік.

Баламыздың қазасынан кейін Қарғалыдағы үйімізді сатып жібердік. Үйдің құжаттарының барлығын басқа иесіне беріп, кешкілік көгершінді іздеп үйге келгенімізде ол жоқСодан кейін көрген жоқпыз", - дейді Кәрімнің әкесі Аслан Дүйсенов.







https://kaz.nur.kz

23 маусым 2019 ж. 4 272 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930