Арыста эвакуациядан соң адасқан балаларды көрші ауылдың мектебіне жинап жатыр
Арыстағы эвакуациядан кейін адасып қалған балаларды Түркістан облысының Ордабасы ауданына қарасты Төреарық ауылындағы Тәукехан атындағы мектепте жинап жатыр. Бұл туралы өңір әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Ордабасы ауданының Төреарық ауылында Тәукехан атындағы мектепте эвакуациядан кейін адасып қалған балаларды жинап жатыр. Олардың суреттері Түркістан облысы әкімдігінің ресми парақшасында жарияланатын болады" , - деп жазды Сәкен Қалқаманов желіде.
Еске сала кетейік, бүгін, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймадажарылыс болды.
Жарылыс қала тұрғындарын дүрліктіріп, зәресі ұшқан тұрғындар жаппай қаладан кете бастады. Тұрғындар қаладан жаяу және велосипедпен қашып жатыр.
Қазіргі таңда, төтенше жағдайдан зардап шеккендердің саны 40-тан асты.
NUR.KZ