Үйде сүндетке отырғызған 2 жасар бала комаға түсіп қалды
Мәскеуде үйінде сүндетке отырғызған бала есінен танып қалды. Бала дереу емханаға жеткізілді.
20 тамыз күні Жаңа Мәсукеу аумағында ата-анасы 2 жасар ұлын сүндетке отырғызады. Отаны таныстары арқылы тапқан адам жасаған. Алайда ота кезінде ұлының талмасы ұстап, шоктық күйге түседі. Дереу емханаға жеткізіледі.Медициналық көмек көрсетілген соң бала есін жиды. Қазір денсаулығы қалыпты.
Оқиғаға қатысты полицейлер тергеу жүргізді. Ота жасаған ер адамның медициналық білімі тексерілді. Құқық қорғау органынының мәліметінше, отаны ресми түрде жұмыссыз жүрген адам жасаған.
Stan.kz
Пікір 589