» » Қазақстанда биыл бұрын-соңды болмаған дағдарыс болады

Қазақстанда биыл бұрын-соңды болмаған дағдарыс болады

Ел экономикасы осыдан 10 жыл бұрынғы дағдарыстан да ауыр қиындықтарға тап болуы мүмкін.

âÒазаÒÑÑанда биÑл бұÑÑн-ÑÐ¾Ò£Ð´Ñ Ð±Ð¾Ð»Ð¼Ð°Òан даÒдаÑÑÑ Ð±Ð¾Ð»Ð°Ð´Ñ

ERNUR.KZ. Саясаттанушылар мен экономистер 2019-ға осындай болжам жасап, жұрттың көңілін күпті етіп қойды. Олар АҚШ-тағы қаржы-несие саясатының күшейгені әлемдегі көптеген елдерге, соның ішінде Қазақстанға да кері әсерін тигізуі ықтимал деп отыр, деп жазады Еуразия бірінші арнасы.

«Алаңдауға негіз жоқ». Өткен жылдың соңында Үкімет коммуналды қызметтер арзандап, жалақы өседі деп халықты жұбатып, үміт сыйлаған еді. Бірақ, әкім-қаралардың бұл ақжолтай хабарын саясаттанушылар мен экономистердің болжамы көмескілей түскендей. Олар биыл ел экономикасын осыдан 10 жыл бұрын болған дағдарыстан да ауыр қиындықтар күтіп тұр дейді.

«Дағдарыс өте қатты болады. Өйткені, ол осыдан 10 жыл бұрынғы дағдарыс сияқты тек қана экономикалық текетіреске, экономикалық жағдайдағы санкцияларға ғана тіреліп қоймайды. Ол саяси мәтінге тірелейін деп тұр. Саяси бәсекеге тірелейін деп жатқан экономиикалық астар. Әлемдік дәрежедегі экономикалық саясаттағы өзініңұ станымын қалай да басып, мойындатуға әкелейін деп тұрған дағдарыс. Сондықтан өте қатал болады», - дейді саясаттанушы Ғазизат Имақова. Әлемдегі алпауыт экономика АҚШ санкцияларының әсерінен дамыған Еуропа елдерінің өзі ара-тұра дағдарыстың ащы дәмін татуға дағдыланып қалған. Оның салқыны Ресей мен Қытай сынды алып державаларға да ықпалетуде. Екі көршіміздегі жағдай олармен экономикасы тығыз байланысты Қазақстанды да айналып өтпеуде. Биылғы жылдың күрделі болатынын нумерологтар да растап отыр.

«Доңыз жылы қаражатқа аса мұқият болған жөн. Өйткені, экономикадағы жағдай биыл сәл қиындау болады. Ақшаны қарызға мүлдем алмаған дұрыс.

Ал несие дегеннен барынша қашу керек. Тіпті, болмай жатса алған қаржыңызды міндетті түрде қайтара алсаңыз ғана, тәуекелге баруыңызға болады. Себебі, биыл ақша мәселесі өте ауыр болмақ», - дейді нумеролог Жанар Жүсіпова. Ал экстрасенс Бақыт Жұматова дағдарыстық ақпан мен мамыр айлары арасында болатынын айтып отыр.

«Дағдарыс ақпан мен мамыр айларының арасында айқын байқалмақ. Өйткені ол уақытта доллардың бағасы күрт өседі. Біздің ел үшін биыл үлкен өзгерістер күтіледі. Сәуір айында экономикамызда көптеген реформалар жүзеге асады. Одан бөлек, елімізге Ресей мен АҚШ-тың да ықпалы арта түседі. Ал осы екі державалардың арасында 2024 жылы соғыс та болып қалуы мүмкін», - дейді экстрасенс Бахыт Жұматова. Ал нумерологтар Самарқанды су алдырып, қара аспанды төндіре берудің қажеті жоқ дейді. Бәрі де адамның ерік-жігері мен алға қойған мақсаттарына байланысты дейді. «2019 өте қиын жыл болады деп кесіп айтуға болмайды. Біреулерге бұл нағыз шарықтаудың уақыты болса, енді басқасы үшін құлдырау кезі болуы мүмкін. Ал жалпы алғанда, Доңыз жылында үлкен жеңістер көп болғалы тұр. Бірақ, бір келеңсіз жағдай болғанның өзінде, одан да өзіңізге қажеттіні алып, минустан плюс қылдыруыңызға болады», - дейді нумеролог Клара Күзденбаева.

Осылайша, бюждетін мұнайдан түсетін табыспен бүтіндеп отырған біздің ел үшін биылғы жыл қалай болары белгісіз. Үкіметтегілер бағдар айқын, мақсат белгілі десе, экономистер барыша сақтыққа шақыруда. Ал бұл айтылғандардан ой түйіп, шешім қабылдау әркімнің өз еншісіндегі мәселе.


ERNUR.KZ
08 қаңтар 2019 ж. 8 066 2 408
Пікір қалдыру

Пікір 2 408

online pharmacy reviews от 3 ақпан 2021 20:09

canadian pharmacy от 4 ақпан 2021 00:03

best online canadian pharmacy от 4 ақпан 2021 01:02

canadian pharmacy от 5 ақпан 2021 01:19

canada drugs online от 6 ақпан 2021 04:13

online pharmacy reviews от 6 ақпан 2021 04:56

canada online pharmacy от 6 ақпан 2021 12:11

canadian pharmacies mail order от 7 ақпан 2021 03:03

free viagra от 11 сәуір 2021 12:15

online pharmacies canada от 11 сәуір 2021 15:15

viagra cost от 12 сәуір 2021 01:51

canadian drugstore reviews от 12 сәуір 2021 01:57

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930