Еңбекақыны қайта қарайтын кез келді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бюджеттен еңбекақы алатын азаматтық қызметкерлердің еңбекақысын арттыру жөніндегі тапсырмасын тиімді түрде орындау іс жүзінде қиын болып отыр. Өйткені осы қызметкерлердің еңбекақысын реттеу жөніндегі қазіргі қолданылып жүрген әдіснаманың өзі ескірген. Оны 2008-2010 жылдардағы әлемдік қаржы дағдарысы кезінен бастап қолданып келеміз. Сол дағдарыс жылдарында ешқандай ғылыми, экономикалық негізі жоқ «базалық жалақы» деген түсінік енгіздік. Бұл дағдарыс жылдарында еңбекақыны реттеуге біршама пайдасын тигізді. Алайда кейінгі, экономикалық жағдай тұрақтанған уақыттарда оны өзгерту керек еді, бірақ ол 2011 жылдан бері бір орыннан мызғымай, әлі сол қалпында тұр. Арада 7 жыл өтті, осы уақытта бұл көрсеткіштің қайта қаралмағаны өкінішті. Осыған ешкім көңіл бөлмей отыр. Сондықтан мен Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдап, осы «базалық жалақы» деген көрсеткішті заман ағымына сәйкес қайта қарау керек екенін ұсындым. Оның орнына заңмен бекітілетін ең төменгі еңбекақы мөлшерін қолдану керек.
Сонда түрлі қосымшалар, соның ішінде еңбек өтілі, біліктілік коэффициенті және т.б. қосылып, бюджеттен еңбекақы алатын азаматтық қызметкерлер лайықты жалақыға қол жеткізетін болады. Осындай жағдайда азаматтық қызметкерлердің еңбекақыға қатысты наразылықтары да азаяр еді. Менің депутаттық сауалымды әріптесім, Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Татьяна Яковлева да қолдап, өзінің қолын қойды. Үкімет басшысы біздің ұсынысымызды аяқсыз қалдырмай, дағдарыс жылдарында амалсыз қолға алынған базалық жалақыны қайта қарайтын шығар деген үміттеміз.
Гүлжан ҚАРАҚҰСОВА, Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы