2018 ЖЫЛЫ ӘЛЕМДЕ ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛАДЫ?
Тауық жылы әлемдік саясатта тұрақтылық әкелді ме? Рас, жаңалықтарға толы кезең болды. Шиеленіскен халықаралық жағдайды реттеуге қатысты әрекеттер жасалынды. Соның ең бастысы, Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты тұрақты түрде өткен Астана процесін айтуға тиіспіз. Шындығында, халықаралық саясатта үнемі диалог орталығына, келіссөз алаңына айналған Астананың қазіргі таңда рөлі барған сайын артып барады.
Біз мұны жоққа шығара алмаймыз. Қайта қуануымыз керек.
Бірақ әлемде алаңдайтын нәрсе көп. Келер жылы қалай болмақ? Әлемдік дағдарыс тоқтай ма? Мұнайдың көзіне байланған елдердің қазынасы ортая ма? Әлемнің қай түкпірінде тағы да соғыс өрті тұтануы мүмкін? Сұрақ көп. Қазірдің өзінде әлемнің танымал сарапшылары «келер жылы қандай саяси оқиғалар орын алуы мүмкін?» деген сауал-ға жауап іздей бастады. Болжамға назар аударсақ, мазалайтын мәселелер бар. Әлемдік экономика қаншалықты өсім береді? Қуанарлық болжам бар ма? Атап өтерлігі, құрамына әлемнің 35 алпауыт елін біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сарапшылары 2018 жылдың қайырымы үлкен болатынын болжап отыр. Сарапшылардың айтуына қарағанда, келер жылы әлемдік экономика 3,6 пайыз өсім береді. Жұмысқа орналасатындардың қатары көбейіп, жұмыссыздардың саны азаяды. Экономика-лық ынтымақтастық және даму ұйымының бас хатшысы Анджел Гаррианың айтуына қарағанда, әсіресе, Германияның экономикасында 2,3 пайыз өсім байқалады. Франция мен Италияның экономикасы 1,5-1,8 пайызға көтеріледі. Бірқатар елдердің экономикасында аздаған өсім көрінгенімен, сарапшылар атап көрсеткендей, бұл салада әлемде тұрақтылық байқала қоймайды. Мұның да үлкен себебі бар. Мұнай бағасының төмендеуі мен қаржы секторындағы тұрақсыздық, сонымен қатар сауда-саттықтағы санкциялық кедергілер әлі де болса, экономиканың өсіп-өркендеуіне кедергісін келтіруде. Оның үстіне, алпауыт елдер арасындағы қолдан жасалынып отырған саяси-әскери әрекеттер жағдайдың тұрақталуына да мүмкіндік бермей отыр. Бұл шиеленіскен жағдайдың әлі де біразға созылатын түрі бар.
Белгілі астролог Павел Глобаның айтуына қарағанда, әлемдік экономикадағы дағдарыс 2020 жылға дейін созылады. Содан кейін ғана барып, әлемдік жағдай қалыпқа түсіп, алпауыт державалардың геосаясатқа ықпал ету мүмкіндігі азаяды. Кейбір елдер саяси ұйымнан шығады немесе бірқатар одақтар ыдырайды. Глобаның айтуына қарағанда, АҚШ – қаржылық қиындыққа кезігеді, әлемдік державалық мәртебесінен айырылады. Америка экономикалық дағдарысқа тап болады. Уақыт өте келе, АҚШ-тың экономикалық әлеуеті мен жағдайы жақсарғанымен, өзінің көшбасшылық орнынан айырыла бастайды. Ресейлік сарапшы сонымен қатар Еуропалық одақтың ыдырайтынын жоққа шығармайды, бұл бірнеше жылға созылады. Бірқатар елдер аталған ұйымнан шығады. Еуропалық одақ қағаз күйіндегі жасанды ұйымға айналады. Оның орнына аталған құрлықта Солтүстік және Оңтүстік Еуропалық одақ құрылады. Оның құрамына Скандинавия елдері мен Испания, Франция және Италия кіреді. Ресей, Қытай және Үндістан мемлекеттерін біріктірген жаңа Одақ құрылады. Аталған ұйым НАТО-ға бәсекелес ретінде өмірге келеді. Оның құрамына Гагаузия, «Новороссия» және Приднестровье мемлекеттері енеді. Осыған байланысты Ресейдің шекарасы кеңейеді. 2018 жылы болатын тағы бір дағдарыс экономикалық жағдайды ауырлатып, көптеген елдерде тұрақсыздық тудырады, халық арасында билікке наразылық жиі болады.
Биылғы жылдың соңына қа-рай әлемнің кейбір түкпірінде қақтығыстар азайғанымен, халықаралық жағдай тұрақтанады деуге әлі ерте. АҚШ-тың қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Роберт Фарлидің айтуынша, 2018 жылы ғаламдық проблемалар бірден жойылады деуге болмайды. Әсіресе, АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы жанжал толас таппайды. Қайта бұл даудың шекарасы кеңіп, оған алдағы уақытта Жапония, Қытай мен Оңтүстік Корея батыл араласуы мүмкін. Бұл жағдай осы аймақтағы қауіпсіздікке нұқсан келтіріп, текетірес одан ары ушыға түседі. Өйткені келер жылы Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын Американың кез келген нүктесіне соққы бере алатын бал-лестикалық ракетаны тағы бір сынақтан өткізуі ықтимал. АҚШ сарапшысының айтуынша, Трамптың дипломатиялық тәжірибесіздігінен осы өңірдегі жағдай ушыға түседі. Егер мәселе сарапқа салынып барып шешілмесе, жаңадан соғыс өрті тұта-нып кетуі мүмкін.
Келер жылы үшінші дүниежүзілік соғыстың тұтанып кету қаупі барын АҚШ сенаторы Исак Свенссон да жоққа шығармай-ды. Оның айтуынша, президент Трамптың ойланбай жасаған әрекетінен жаңа соғыс басталып кетуі ықтимал. Бейбітшілік және дауларды шешу орталығының сарапшысы, профессор Исака Свенссонның болжамына қарағанда, кез келген елде барған сайын ұлтшылдық мәселесі бе-лең алып келе жатыр. Сондықтан халықтың санасында қайралған намыс пен ұлтжандылық көріністері билік басындағы атқамінерлерді оқыстан тақтан аударып тастауы мүмкін.
Бұл ғана емес, ағылшын Никлас Гранхольм да өзінің сараптамасында әлемдегі ең ыстық нүктелердің бірнеше ошағын атап өтті. Соған қарағанда, пісіп-жетіліп, жарылуға шақ тұрған дүрдараздыққа толы нүктелер жетерлік. Ол Ресей, Эстония, Латвия, Литва мен НАТО әскери альянсы арасында күтпеген жерден дау туындауы мүмкін екендігін айтады. Оның айтуынша, «Ресей 1990 жылдардан бастап, бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде өздерінің ықпалын жүргізетін «бір нүкте» жасап қойған. Ондай даулы ошақтар Грузияда, Молдовада, Украинада да бар. Әсіресе, 2014 жылдан бастап Ресейдің қарамағына өткен Қырым мен соғыс ошағы болып жатқан Донецск мен Луганскіде алдағы жылы жағдай тұрақтана қояды деуге әлі ерте. Никлас Гранхольмның айтуынша, «Балтық жағалауы елдерінде орыс диаспорасының аздаған өкілдері тұрады. Сондықтан олардың құқығын қорғау мақсатында ресми Мәскеу кез келген әрекетке баруы мүмкін. Мысалы, Украинада да осындай жағдай орын алды. Балтық жағалауы елдері – Батыс пен Шығыстың ортасында орналасқан Ресей үшін өте мүмкіндігі жоғары аймақ. Литва, Латвия мен Эстония елдерінің де НАТО ұйымына мүшелікке бірден еніп кетуі де бекер емес. Алдымен қауіпсіздігін ойлағандықтан.
Әрине, көптеген елдер Украинадағы орын алған жағдайға қатысты қазіргі кезде ең алдымен Ресейге алаңдап, қауіппен қарап отыр. Бұл үрей соншалықты адам сенгісіз болса да, сарапшылар ең алдымен Украинаның шығысы мен Мәскеудің Қырымды аннекциялауын мысалға келтіреді. Бірақ сарапшыларды да, халық-ты да алаңдатып отырған мәселе мынау: алдағы жылы Украинадағы жағдай тұрақтала ма?
Бұл сауалға жауап беру үшін әлемдік кейбір сарапшылар мен журналистердің өзі көріпкел-балгерлерге жүгінген көрінеді. Олардың болжамына сенсек, ат төбеліндей биліктің өкілдері емес, біріншіден халықтың өзі атқамінерлерді дұрыс жолмен жүруге бағыттауы қажет. Ол үшін Украинада толқулар азайып, жағдайдың тұрақтанғаны керек. Мәселе мынада: қазір еуропалық бағыт ұстанып отырған Петр Порошенко келер жылдың аяғына дейін билікте қала ала ма? Өткен аптада бірқатар көріпкелдер «2018 жылы Украина билігіне өте талантты, жемқорлықтан ада, саяси белсенділігі өте жоғары, олигархтармен еш байланысы жоқ, жасы 50-ден асқан азамат келуі мүмкін» деген болжамды жария етті. Ол халықтың қолдауына ие болып, елдегі саяси күштердің басын біріктіруі ықтимал. Оның бастамасымен Балтық жағалауындағы елдер секілді бір-бірімен ынтымағы жарасқан мемлекеттер одағы пайда болады және олар Украинаның маңайы-на топтасады.
Тағы бір көріпкел Орест Стафийчук бұл саяси жорамалды жоққа шығарады. Оның айтуына қарағанда, 2018 жылы Украинада жағдай тұрақтала қоймайды, кем дегенде оған 5 жыл керек. Жағдай қалыпқа түсуі үшін украин билігі көрші елдермен тату-тәтті тұруы қажет. Соған қарағанда «саяси жауырыншы» бұл жерде Ресейді айтып отырса керек.
«Битва экстрасенсов» телебағдарламасының ақтық сынына шыққан Магдалена Мочиовски «Қырым түбегі мен қазіргі соғыс жүріп жатқан Луганск пен Донецк аймағы Украинаға қайтарылады, бірақ ол үшін кем дегенде 15 жыл керек» деп көріпкелдік жасап отыр. Осы уақыт аралығында Ресеймен де қарым-қатынас жақсарып, екі ел арасында саяси дипломатия жанданып, сауда-саттық қайта өрістейді.
Бірқатар көріпкелдердің тұжырым-жорамалдарына назар аударсақ, ақыр аяғында Киев пен Мәскеу арасындағы жағдай дұрысталады. Әсіресе, олардың ойынша, Владимир Путин президенттіктен кеткеннен кейін ғана барып, екі ел арасындағы егеске нүкте қойылады. Бірақ Украинаның өз ішінде де толқулар күшейеді, бүгінгі билікке наразылардың қатары көбейеді. Тіпті Киевте «Үшінші майдан» орын алуы ықтимал.
Расында да, қазіргі уақытта әлемдік сарапшыларды үш мәселе алаңдатып отырғаны мәлім. Оның біріншісі – Сириядағы жағдай, бірақ Ресей, Иран мен Түркияның тікелей араласуынан кейін бұл аймақтағы соғыс аяқталуға жақын. Екінші мәселе, Украинадағы тұрақсыздық. Оған қатысты саяси жорамалдарды айттық. Ендігі мәселе, АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы текетіреске байланысты. Соғыс болмайтыны анық. Бірқатар сарапшылар келер жылы Дональд Трамп басқа балама жолдың жоғын түсіне отырып, «қырғи қабақ соғысты» қалыпқа келтіру үшін амалдың жоғынан Ким Чен Ынмен келіссөз жүргізеді деп отыр. Лайым солай болғай.
Хиллари Клинтонның президенттік сайлауда жеңіліске ұшырайтынын алдын ала айтқан көріпкел Крейг Гамильтон-Паркер 2018 жылы Солтүстік Кореяда Ким Чен Ынның билігі әлсірейді деген тұжырым жасады. Сонымен қатар қарсыластары Дональд Трампқа импичмент жариялау мүмкіндігінен айырылады. Еуропалық одақ елдерінде жағдай қиындап, Ұлыбританияда наразылық шеруі жиілейді.
Әрине, бұл болжам ғана. Орындалу мүмкіндігі де әрқалай. Оны да уақыт көрсетер. Дұрысы, саяси жағдайдың тұрақтанып, тыныш өмір сүргенге ештеңе жетпейді.
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ