Өзбекстандағы жол апатынан қазақстандықтар қаза тапты: оның екеуі бала
Өзбекстанда болған жол апатынан үш қазақстандық қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"3 тамыз күні Навой облысында Нуратын аудынындағы Нурат - Джизак – Фариш тас жолынан 136 километр ұзақ жерде Daewoo Nexia автокөлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, Isuzu жүк көлігіне соғылды. Жеңіл автокөлікте жүргізушіден бөлек жеті адам болған. Оның екеуі кәмелет жасқа толмаған екі бала. Жол апаты салдарынан оқиға орнында үш Қазақстан Республикасының азаматтары (1952, 2013 және 2016 жылғы) көз жұмды", – делінген хабарламады.
Тағы үш жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді. Олар есін жиғанымен, жағдайлары ауыр. Дипломаттар жәбірленушілер мен олардың тустарына көмек қолын созуда.
Жол апатынан қайтыс болған және жарақат алған жолаушылар Өзбекстан азаматының туысы болып шықты. Сол себептен марқұмдарды Өзбекстан елінде жерлеуді жөн көрген.
Stan.kz