» » Ақтөбе облысында 45 жолаушысы бар автобус аударылып қалды

Ақтөбе облысында 45 жолаушысы бар автобус аударылып қалды

Ақтөбе облысында Шымкенттен Екатеринбургке бағыт алған жолаушылар автобусы аударылып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

автобус

Жол апаты 26 ақпанда сағат 20:00-де Қарабұтақ ауылынан 20 шақырым жерде, Қарабұтақ-Қостанай тас жолында болды. 
Полицейлердің мәліметтері бойынша, жолдың тайғақ учаскесінде автобус кюветке шығып, бүйіріне қарай аударылған.

Автобуста болған 45 жолаушы Тәжікстан азаматтары. Ал үш жүргізуші - қазақстандықтар.

ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ. Патрульдік полиция мен ТЖД күшімен жолаушылар кемпингке жеткізілді.
 





27 ақпан 2020 ж. 668 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 124

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930