» » Ішінде 47 оқушы болған: Алматы облысында автобус апатқа ұшырады

Ішінде 47 оқушы болған: Алматы облысында автобус апатқа ұшырады

ÐÑÑнде 47 оÒÑÑÑ Ð±Ð¾Ð»Òан: ÐлмаÑÑ Ð¾Ð±Ð»ÑÑÑнда авÑобÑÑ Ð¶Ð¾Ð»Ð´ÑÒ£ ÑеÑÑне ÑÑÒÑп кеÑÑÑ

Алматы облысы Жамбыл ауданының аумағында оқушылар мінген автобус жолдың шетіне шығып кетті. Салдарынан бірнеше оқушы мен мұғалім жарақаттанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алдына ала мәлімет бойынша, автобуста Алматы қаласындағы №134 мектептің 47 оқушысы болған. Жолда жолаушылар автобусының алдынан кенеттен жылқы шыға келіп, жүргізуші оны айналып өтпек болған. Алайда автобус жолдың шетіне шығып кетті.
ЖКО салдарынан 8 оқушы мен мұғалім жарақаттанды. Бес оқушы Ұзынағаш аулының аудандық ауруханасына, тағы үш оқушы мен мұғалім Дегерес  аулындағы медициналық мекемеге жеткізілді. 
Оқиға орнына полиция, төтенше жағдай және медицина қызметкерлері көмек көрсетуде.

stan.kz

28 қыркүйек 2019 ж. 470 0