» » Ресейде 45 қазақстандық жол апатына ұшырады

Ресейде 45 қазақстандық жол апатына ұшырады

РеÑейде 45 ÒазаÒÑÑандÑÒ Ð¶Ð¾Ð» апаÑÑна Ò±ÑÑÑадÑ

Ресейдің Новосібір облысында жол көлік оқиғасында 45 қазақстандық отырған автобус жүк көлігімен соғысып, жолдан асып, бір жағына аударылды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Ресей ТЖМ Бас басқармасының сайтына сілтеме беріп. Ресми орган берген ақпарат бойынша автобус Новосібір қаласынан Шымкентке бет алған.

«Жол көлік оқиғасы «Р-254» федералды тас жолының 1368-ші шақырымында орын алған. Автобус жүк көлігімен соғысып, жолдан асып, бір жағына аударылған.  Автобуста жүргізушімен қосқанда 46 азамат болған. Олардың бәрі қазақстандықтар. Жол апатынан 6 адам жарақат алды», – делінген ресми хабарламада.
ЖКО болған жерге өрт сөндіруші қызметкерлері, полиция қызметкерлері мен жергілікті әкімшілік өкілдері келген. Көмек беру жұмысына 24 адам мен 9 арнайы техника жұмылдырылған.
Жарақат алған азаматтар Коченев аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Аман қалған жолаушылар аудандық әкімшіліктің бастауымен «Актин» кафе қонақ үйіне орналастырылды. Артынша жолаушылар резервтегі автобуспен өз бағыттарына жеткізілді.
Болған оқиғаға қатысты пікір білдірген СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Омкс қаласының өкілдерімен байланысып, оқиғанын мән жайы анықталып жатыр.


Stan.kz

13 қараша 2018 ж. 987 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 142

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930