» » Түнгі кемпірқосақ

Түнгі кемпірқосақ

Кемпірқосақ күндіз ғана болады деген ой санамызда қаланғаны рас. Кемпірқосақ жаңбыр тамшысы мен күн сәулесінің шағылысуынан пайда болады. Ал түнгі кемпірқосақтың пайда болуына тамшы мен ай сәулесі жетіп жатыр. Түнгі кемпірқосақты кейде ай кемпірқосағы деп те атайды. Күндізгі кемпірқосаққа қарағанда кішілеу келеді, бірақ дәл кемпірқосақтың дәл өзі. Ай кемпірқосағы көбінесе сарқырама мен жағалауда пайда болады. Айға қарама-қарсы бағытта түзіледі әрі радиусы күндікіне ұқсайды. Түнгі кемпірқосақты көру қиын. Кез келгеннің жолы бола бермейді. Өйткені ай толысқан, жарық түнде жаңбыр жауа қоюы екіталай. Оның үстіне, ай жер өрісінен биік емес, көлденең, шамамен 42 градус шамасында орналасқан кезде кемпірқосақ пайда болады. Күндізгі кемпірқосақтай жарық болмайды, содан адам жақын тұрмаса, алыстан көре алмайды. Айлы түнгі кемпірқосақ ақ шеңбер, жартылай жарық арка тәрізді көрінуі мүмкін.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/syrly-alem/62344/
07 маусым 2020 ж. 920 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 778

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031