» » Атыраудағы жоғалып кеткен фермердің денесі табылды

Атыраудағы жоғалып кеткен фермердің денесі табылды

6 қыркүйекте Атырау облысы Жылыой ауданының тұрғыны 47 жастағы фермер жоғалып кеткен. Жылқы іздеуге шыққан азаматтың бүгін денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 


Факті бойынша Атырау облысы полиция департаменті қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жүріп-тұру бағыты бойынша жоғалып кеткен адамның тұрған жерін анықтау мақсатында облыстық полиция, ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер жергілікті жерді аралап шықты.

Іздеу шараларының нәтижесінде 14 қыркүйек күні таңертең Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 100 шақырым жерде 15-20 метр тереңдіктегі терең шұңқырда полиция жоғалған ер адамның денесін тапты.

"Қазіргі уақытта бұрын сотталған Құлсары қаласының 1982 жылы туған тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Қылмыстық кодекстің 99 - бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның барысында жасалған қылмыстың себептері анықталатын болады", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, 6 қыркүйекте "Боздақ" шаруа қожалығының 47 жастағы басшысы Нұралы Нұртілеуов жылқыларын іздеп далаға шығып, жоғалып кеткен. Ал туыстары әкімдік алында фермерді тауып беруін сұрап шу шығарған еді. 



14 қыркүйек 2020 ж. 397 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 778

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031