Улы жыландарды үйретуші ер адам кобра шағып алғаннан кейін көз жұмды
Малайзия тұрғыны Абу Зарин Хусин жылан шағып алғаннан кейін көз жұмды.
Бұл туралы Free Malaysia Today басылымына сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.
33 жастағы ер адам «жыландарды үйретуші» атанған. Ол құтқару қызметінің улы жыландарды аулаумен айналысатын арнайы бөлімін басқарған.
Кобра Хусинді Бентонге қаласында шағып алған. Ер адам жыланды ұстап алмақ болға екен. Дәрігерлер ер адамның өміріне араша түспек болғанымен, құтқарып қала алмады.
Басылымның мәліметінше, ер адамды бірнеше жыл бұрын да кобра шағып алған. Ол кезде Хусин бірнеше күн комада жатқан.
Айта кетсек, патша кобрасының уы жүйкеге уытты әсерге ие. Адамның денесіне түскен жылан уы бұлшық ет жиырылуын тежейді. Өз кезегінде ол тыныс алу бұлшық еттерін жансыздандырып, тыныстың тоқтауы мен адам өліміне алып келеді. Егер у денеге көп мөлшерде түссе, адам 15 минуттан кейін мерт болуы мүмкін.
http://stan.kz