Ақтөбеде анасы туған баласын бейтаныс адамға қалдырып кетті Ақтөбеде әйел адам туған баласын бейтаныс адамға қалдырып, өзі із-түссіз жоқ болып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ақтөбелік 26 наурыз күні бейтаныс адамның өзіне 2017 жылы туған баласын қалдырып кеткені туралы айтып, полицияға арыз жазады. Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 140-бап бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.«27 наурыз күні жедел іздестіру шараларының нәтижесінде баланың анасы табылып, одан жауап алынды. Қазіргі таңда бала «Үміт» сәбилер үйіне жіберілді», - деп жазылған баспасөз хабарламасында.baq.kz Оқиғалар 03 сәуір 2018 ж. 886 0