» » Алматы облысында 21 жастағы жігіт әскерге барып, үйіне табытпен оралды

Алматы облысында 21 жастағы жігіт әскерге барып, үйіне табытпен оралды

Қазақстан Түркменстан шекарасына әскери борышын өтеуге кеткен сарбаз үйіне табытпен оралды. Бақытбек Мырзамбековтың туыстарының айтуынша, әскери бөлімінің қызметкерлері 21 жастағы азаматтың жүрек талмасынан көз жұмғанын айтқан көрінеді. Бірақ қарулы күштер сапына сап-сау кеткен марқұмның жақындары балаларына әлімжеттік көрсетілгеніне сенімді. Өйткені, денесінде көгерген іздері болды дейді.

21 жастағы Бақытбек Мырзамбеков әскерге аттану үшін дипломды да қорғаған екен. Бірақ қарулы күштер сапына кеткен сарбаздың өмірі, шілденің 15 күні қыршын қиылды. Қара жамылған отбасының мүшелері марқұмның дәрігерге шілденің тоғызынан бастап жүгінгенін айтады. Бірақ азаматқа көмек көрсететін жан табылмаған. Алғашқы сараптама қорытындысы сарбаздың жүректің ишемиялық ауруынан көз жұмғанын анықтаған. Бірақ жақындары оның адам қолынан қаза болғанына сенімді. Өйткені сарбаздың өлі денесінің бірнеше жерінде жарақаттың іздері болған деп отыр.
“Ауырып жатқан солдатқа ешқандай медициналық көмек көрсетпеген. Сол жаңағы әскери қызметкерлердің осындай қызметіне салғырт қарау мәселесінен мен інімнен айырылдым деп ойлаймын”, – дейді марқұмның ағасы Азамат Мырзамбеков.

Stan.kz
29 шілде 2018 ж. 929 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 697

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031