» » Алматы және Жамбыл облыстарының шекарасы өзгерді

Алматы және Жамбыл облыстарының шекарасы өзгерді


Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Алматыоблысынының шекарасын өзгерту жөніндегі қаулыға қол қойды. Енді өңірге тиесілі болған жалпы аумағы 1 091,78 гектар жер Жамбыл облысына беріледі деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Алматы облысындағы жалпы аумағы 1 091,78 гектар болатын жерді Жамбыл облысының Қордай ауданына қосу арқылы шекараны өзгерту керек", - деп жазылған электронды үкімет сайтында жарияланған ақпаратта.

Осылайша, ҚР қорғаныс министрлігінің аудандық гвардиялық эксплуатациялық бөлімі, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институты және бұрынғы "Алматы" әскери совхозы сынды нысандары Жамбыл облысына беріледі.

Шекараны жоспарлау кезінде "Алматы" совхозының тұрғындары мемлекеттік қызметті Ұзынағаш ауылына барып алғаны айтылды. Ол совхоздан 150 шақырым жерде орналасқан.

Жер Жамбыл облысына берілген соң халыққа қызмет көрсету орталықтары әлдеқайда жақындай түспек. Енді қажетті құжатты алу үшін тұрғындар 80 шақырым жердегі Қордай ауданының орталығына барады.




https://kaz.nur.kz
02 шілде 2019 ж. 1 058 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930