Кадрлық өзгерістер болды
Кеше облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен актив отырысы өтіп, бірқатар кадрлық өзгерістер жария етілді.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Жаханов Бахыт Дүйсенұлы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Түрлі жауапты қызметтер атқарған ол 2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарған болатын. Сондай-ақ, облыс әкімі аппаратының басшысы болған Делмұханов Марат Нұрсайынұлы да облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Еңбек жолын Батыс Қазақстан облысының экономика басқармасында бас маман ретінде бастаған Марат Нұрсайынұлы әр жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты талдау-эксперттік бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, Батыс Қазақстан және Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болған.
Мұнан бөлек, жиында облыс әкімі аппаратының Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы ретінде Жалғасбаев Ерқыран Ертілеуұлы таныстырылды. Облыс әкімі жаңа қызметке тағайындалғандарға сәттілік тілеп, үлкен сенім білдірді.
“СБ” ақпарат.