» » Нұрлан Ермекбаев: Әскерилер қаза болған ұшқыштардың отбасыларын қамқорлыққа алады

Нұрлан Ермекбаев: Әскерилер қаза болған ұшқыштардың отбасыларын қамқорлыққа алады

Жалағаш ауданында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшыраған жерде қаза тапқан әскери қызметшілерге арналып ескерткіш ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ескерткіштің ашылу рәсіміне ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов, Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Кәрбенов, Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов, қаза болған әскери қызметшілердің туған-туысқандары, Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдері мен жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы қатысты.
«Бүгін оқиға орнында біз оқу жауынгерлік тапсырмаларды орындай отырып, бейбіт уақытта мезгілсіз өмірден озған Отанымыздың ұлдарына ескерткіш орнатудамыз. Жігіттеріміз әскери ант пен жауынгерлік бауырластыққа адалдықтарын дәлелдеді. Мыңдаған ұлдарымыз бен патриоттарымыз Қарулы күштерде қызмет етуде. Олар әскери ант пен әскери борышқа адал», - деді Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.
Салтанатты рәсім барысында ескерткішке гүл шоқтары қойылып, қаза болған әскери қызметшілерге үнсіздікпен құрмет көрсетілді. Туған-туысқандары үшін жауынгерлердің осы рәсімге қатысуы мен моральдық қолдауы ең маңызды болды. Оқиға орын алған сәттен бастап Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша туған-туысқандарымен тығыз қарым-қатынас орнатылуда. Ұдайы түрде қажетті психологиялық, материалдық және өзге де көмек көрсетілуде, сондай-ақ Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық тиесілі әлеуметтік кепілдемелер мен төлемдер іске асырылуда.
Одан басқа, Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша гарнизон бастықтары мен Әскери-әуе күштері авиациялық базаларының командирлері қаза болған ұшқыштардың отбасыларына шефтілікті ұйымдастырды және бұл қатысу бір реттік іс-шара болмайды. Қорғаныс министрі қаза болғандардың туысқандарына осындай адал азаматтар тәрбиелегені үшін алғыс айтты. Ол әскери қызметшілердің қазасы – бұл олардың жақындары мен туысқандары үшін ғана емес, сонымен бірге, Қазақстан Қарулы күштері үшін орны толмас қайғы екенін жеткізді.
«Біз оларды мақтан тұтамыз, әскери іс пен Отанға деген адалдықтарын мақтан етеміз, қаза болғандардың отбасыларымен бірге орны толмас қайғыларына ортақпыз. Осындай ұлдарды тәрбиелеген ата-аналарға мың тағзым», - деді Нұрлан Ермекбаев.
 Еске сала кетсек, ел Президентінің Жарлығымен қаза болған әскери қызметшілер әскери қызметтік міндетті үлгілі орындағаны, ерліктері мен жанқиярлықтары үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.
28 шілде 2019 ж. 581 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930