» » Тоқаев өлім жазасынан бас тарту туралы ұсыныс білдірді

Тоқаев өлім жазасынан бас тарту туралы ұсыныс білдірді

Тоқаевтың суретін казино жарнамасына пайдаланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өлім жазасынан бас тарту туралы халықаралық хаттамаға қосылу туралы бұйрық берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Сыртқы істер министрлігіне "Азаматтар мен саясат құқықтары туралы халықаралық пакті" бойынша Екінші факультативті хаттамаға қосылу үрдісін бастауға бұйрық беремін", - деді мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында.
Аталған хаттамаға қосылған мемлекеттердің барлығы алдағы уақытта заң бойынша өлім жазасына кесуден толығымен бас тартатын болады.
2003 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет бойынша өлім жазасына кесуге мораторий жариялаған еді. Мораторий бойынша соттың қылмыскерлерді өлім жазасына кесу туралы үкім шығаруға тыйым салынбайды, Ал 2004 жылы өлім жазасын алмастыру мақсатында өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы жаза шығарылған еді. 
Естеріңізге салай кетейік, мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысын өткізіп жатыр. Жиналыста Тоқаев көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы жайлы сөз қозғап, митингілер өткізуге рұқсат берді.
 
stan.kz

20 желтоқсан 2019 ж. 595 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 199

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031