» » Қосымша ақы алады: Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі" туралы заңға қол қойды

Қосымша ақы алады: Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі" туралы заңға қол қойды

303 мың теңгеге дейін: Қазақстанда мұғалімдерді артық жұмыстарға тартқандарға айыппұл салынбақ

Мемлекет басшысы «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұғалімнің мәртебесі, студенттер мен оқытушылар жүктемесін азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіндері баспа түрінде жарияланады.
Құжатта оқытушылардың құқықтық мәртебесінің, олардың әлеуметтік қорғалуының сапалы жақсаруына ықпал ететін құқықтық, әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу қарастырылған.
Атап айтсақ, жалақыны 25 пайызға көтеру, мұғалімдерді әдеттен тыс қызметтерге тарту үшін айыппұл салу. Мұғалімдердің құзыреттілігін арттыруға бағытталған материалдық ынталандырудың нормалары қарастырылған - бұл сыныпты басқарғаны және дәптерлерді тексергені үшін қосарланған төлемдер; педагогикалық шеберлік үшін үстеме ақы; барлық мұғалімдердің демалыс кезеңін 56 күнге дейін ұлғайту; тәлімгерлік және басқа шаралар үшін қосымша төлемдер.

stan.kz

31 желтоқсан 2019 ж. 641 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 066

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031