» » Тасмағамбетовтің орнына Көшербаев келді

Тасмағамбетовтің орнына Көшербаев келді

Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Жаңа елші Ермек Көшербаев бұған дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары болған. Мемлекет басшысының жарлығымен ол вице-министр қызметінен босатылып, Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген жарлықта.
Жаңа елші 54 жаста. Бірінші сыныпты дипломатиялық дәрежесі бар. Осы уақытқа дейін ол Сыртқы істер министрінің орынбасары болған.
Көшербаев С.Киров атындағы ҚазМУ-де шет тілінде оқытатын тарихшы мамандығы бойынша білім алған.
1993 жылы КСРО Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады.
Мансабын оңтүстік астанада мұғалім болып бастаған.
Сондай-ақ Көшербаев Қазақ ССР СІМ-де, Қазақстанның СІМ-де, Президент аппаратында еңбек еткен. Екі жыл бойы премьер-министрдің орынбасары болған.
Әр жылдары "ҚазТрансОйл ҰК" жетекшісі, "ҚазМұнайГаз ҰК" президентінің аппарат басшысы, сонымен бірге "Рауан Медиа Групп" АҚ бас директоры болды.
Төрт жыл бойы ШҚО әкімінің орынбасар, тағы екі жыл Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып қызмет етті.
2019 жылдан бастап СІМ басшысының орынбасары болған.
Қазақстанның Ресейдегі жаңа елшісі үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін аталмыш қызметті Иманғали Тасмағамбетов атқарған. Ол зейнет жасына толуына байланысты орнынан босатылған.

syrboyi.kz
29 қаңтар 2020 ж. 585 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 741

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930