» » Алматыда елорданың 20 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Алматыда елорданың 20 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті


Астана - Еуразия жүрегі. Алматыда елордамыздың 20 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға қатысқан ғалымдар Астана қаласының ел тарихындағы алатын орны мен мән-мағынасы жайында әңгіме өрбітті. Бұл Алматыдағы Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві. Мұндағы құнды жәдігерлер ел өмірінің соңғы 100 жылынан сыр шертеді. Мұнда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру жөніндегі Жарлығы, жауапты істі жүзеге асыратын «Мемлекеттік комиссия» құру секілді көптеген тарихи шешімдердің түпнұсқалары сақталған.  Борис Жапаров, ҚР Президенті архивінің директоры: -Бұл ҚР Президентінің Жарлығы. Ақмола, 1998 жылғы 6 мамырда, №3491. Мұнда ҚР астанасы Ақмола қаласын ҚР астанасы Астана қаласы деп қайта атау туралы. Міне осы күннен бастап қазіргі біздің елордамыз Астана деген атқа ие болды.  20 жылдың ішінде Астана қаласы қазақ халқының мақтанышына айналды. Халықаралық конференцияға қатысқан ғалымдар Елорданың дамуына осындай баға беріп отыр. Жылдан-жылға сәніне-сән қосылып, сәулеті ажарланып келеді. Еліміздің саяси, мәдени және ғылыми орталығы болып қалыптасты.  Абдуақап Қара, Мимар Синан атындағы Өнер университетінің профессоры /Түркия/: - Астанаға алғаш рет 2005 жылы сол Дүние жүзі қазақтары құрылтайында келдім. Оған дейін Астананы көп естідік. Астананың әсіресе  жаңадан салынған Еурозияның кіндігіндегі  бой көтерген мәдени және заманауи қала деп әрине газеттен көп естідік. Көзбен көрген басқа әрине. Бүгін  Астана мен Елбасы егіз ұғымдар. Астана десе Назарбаев  еске түседі. Назарбаев десе Астана еске түседі.    Бұл күнде Астананы дүниежүзі біледі десек артық айтқандық емес. Сарыарқа төрінде әлемдік деңгейдегі алқалы жиындар өтіп жүр. Оларда адамзаттың өзекті мәселелері сөз болады. Бір сөзбен айтсақ Астана бейбітшіліктің символына айналды.  Зиябек Қабылдинов, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры: - 20 жылдың ішінде Астана әлемнің бір мықты саяси алаңына айналды. Осында 2010 жылы саммит  ОБСЕ өтті. Өткен жылы «ЭКСПО-2017» де осында өтті. Дүниежүзілік діндер съезінің өтетін жері де осы Астана. Астана болашаққа деген ұлттың ұмтылысын іске асыратын жоба. Сондықтан елорданың 20 жылдығы Қазақстан халқының ортақ қуанышы, әрі ортақ мерекесі. Ғалымдар осылай дейді.  

24.kz
06 маусым 2018 ж. 710 2

Гость Jeaplause от 23 ақпан 2019 02:33
Europe Pharmacy Online Clarithromycin Amoxicillin levitra samples overnight Get Effexor Xr 100mg Buy Generic Accutane Online No Prescription

Гость Jeaplause от 12 наурыз 2019 07:30
Diflucan Online Florida donde comprar xenical en usa Cialis Und Sodbrennen

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 680

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031