» » Еліміздің жаңа Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

Еліміздің жаңа Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды


ҚР Үкіметінің қаулысымен Олжас Амангелдіұлы Әбішев ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің ресми парақшасына сілтеп.

Бүгінде еліміздің жаңа Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалған Олжас Әбішев 1983 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Ол 2004 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін, 2005 жылы — Әулие Ата университетін, 2006, 2010 жылдары — Инженерлік колледжді, Андон ұлттық университетін (Оңтүстік Корея) экономист–информатик, заңгер–құқықтанушы мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2000 жылы бастаған Олжас Әбішев түрлі жылдары «Қазагромаркетинг» АҚ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ, «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ, «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ, «Astana Innovations» АҚ, «Тұран – Астана» университетінде, сондай-ақ коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.
Ал 2017 жылғы қыркүйек айынан бастап осы кезге дейін ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» РМК бас директоры лауазымын атқарған.


http://stan.kz
07 маусым 2018 ж. 842 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 854

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031