Назарбаев қазақстандықтардың бақуатты өмір сүргенін армандайды
Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президентінің телерадиокешені түсірген «Тарих сынында» деректі фильміне берген берген сұхбатында қазақстандықтардың бақуатты өмір сүргенін армандайтынын айтты, деп жазады Stan.kz.
Елбасы сұхбат барысында даму бағдарламасының неліктен 2030 жылға дейін жоспарланғанын түсіндіріп өтті.«Барлығы үнемі даму бағдарламасы неліктен 2030 жылға дейін деп сұрайды. 90-шы жылдан 30-шы жылға дейін 40 жыл! Мұса пайғамбар жүрген жол да 40 жыл. Ол сол аралықта өз халқын 40 жыл бойы құмның арасында алып жүрді. 2030 жылға қарай, гүлденген елде өмір сүретін мүлдем жаңа ұрпақ, жаңа қазақстандықтар болады деп ойлаймын. Бұл менің арманым», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы кез-келген қоғамның басты негізі адам екендігін атап өтті. Сондай-ақ, Елбасы әрбір қазақстандық және ел үшін қажетті деп санаған дүниенің бәрін өзінің мансап жолында жүзеге асырғанын да айтты. Ал, билікке келетін болсақ, Мемлекет басшысы оның әрқашан сынға ұшырайтынын, бірақ ол қарапайым адамдарға азық-түлік пен киім-кешек сияқты күнделікті қажеттілік екендігін айтып, түсіндірді.
«Бір сәтке билік жоқ деп елестеріп көріңіздерді. Бұл күштілердің әлсіздерден тартып алуы, күштілердің әлсіздерге зорлық-зомбылық көрсетуі, кемсітуі. Түсінесіздер ме, билік тек билікке ғана емес, сонымен қатар халыққа да керек», – деді Елбасы.
Источник: Stan.kz