Назарбаев қазақстандық полицейлерді грузиндік тәртіп сақшыларымен салыстырды
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның полицейлерін Грузиянікінен салыстырып, еліміздің тәртіп сақшыларының осал тұстарын айтып өтті. Елбасы бұл пікірін Атырауға іссапармен барған кезде айтқан болатын, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеп.
Мемлекет басшысы Атырауда өнеркәсіптік нысандарды аралап, жергілікті жұмысшылармен кездесті. Президент онда нан және макарон өнімдерін шығару жөніндегі цехты аралап көріп, осы жерде өндірілетін дайын өнім үлгілерімен танысып шықты.Елбасы сондай-ақ, Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының бірқатар бағытына қатысты оң нәтижелерге тоқталып, өңірдің экономикасы өндіруші секторлардың арқасында көтеріліп отырғанын атап өтті.
Бірақ, президент кездесу кезінде мемлекеттік органдардың қызметін сынға алды.
«Әлемде полицейлер көшедегі әр азаматтың досы. Ал, бізде полиция қызметкері кім? Мен үнемі Грузияны мысалға келтіремін. Грузияда полицейлерде тәжірибе болып, біреуін қалдырмай жұмыстан шығарып жіберді»,-дейді Елбасы.
Президент атыраулық шенеуніктерге үлкен талап қойған жоқ, бірақ жолдардың сапасын сынға алды. Жалпы алғанда, бүгінгі кездесуде бүкіл елдегі жағдай туралы айтылды. Дегенмен, кездесуде болғандардың әрқайсысы айтылған нәрселерді толықтыру керек екенін түсінді.
«Мен бағасы құбылмалы шикізат ресурстарына үміт артпай, баламалы өндіріс құруға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын ұсындым. Үлкен кәсіпорындар құру міндетті емес, экспортқа жұмыс істейтін икемді жобаларды жүзеге асыру қажет», – деді Мемлекет басшысы.
Елбасы мемлекеттік қызметшілердің жалақысына қатысты пилоттық жобаны жүзеге асырудың тиімділігін айтып, жергілікті атқарушы органдарға осы тәжірибені қолдануды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды.
Stan.kz