» » Мәслихаттардағы бос орындарға сайлау өтеді

Мәслихаттардағы бос орындарға сайлау өтеді

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Берік Имашевтың төрағалығымен аталған комиссияның отырысы өтті. Жиында ОСК мүшелері мәслихаттардан шығып қалған депутаттардың орнына алдағы уақытта депутаттар сайлау жөніндегі мәселені қарастырды.

«Қазақстан Респуб­лика­сын­дағы сайлау туралы» Конс­ти­туциялық заңның 101 және 113-баптарына сәйкес шығып қалған мәслихаттар депутат­­тары­ның орнына халық қалау­лыларын кезектен тыс сайлау жылына екі рет наурыздың және қазанның соң­ғы жексен­бісінде өткізіледі. Осы­ған орай 2018 жылғы 28 қазан­да рес­публиканың 14 өңірін­де сайлау өтеді. Республика бойынша тұтас алғанда 83 бос орын бар, соның ішінде облыстық мәслихаттарға – 12, қалалық мәслихаттарға – 9, аудандық мәслихаттарға 62 орын тиесілі.

2018 жылғы қазандағы сайлау науқанына депутаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқ­татудың негізгі себептері: бірін­шіден, тиісті әкімшілік-аумақ­тық бірліктің шекарасынан тыс тұрақты тұруға кету (31), мем­лекеттік қызметке қабыл­дау (26), үшіншіден, отстав­ка тура­лы жеке өтiнiшi (16) (со­ның ішін­де денсаулығына байла­нысты – 5), төртіншіден, депу­тат­тың қай­тыс болуы (5), бесін­шіден, облыс­тық мәслихаттың де­путаты болып сайлануы (3), алтыншыдан, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ликасының азамат­тығын тоқтатуы (2). Мәслихаттар депутат­тары­ның өкілеттігі келесі лауа­зым­дарға сайлануына немесе таға­йын­далуына байланысты мерзі­мінен бұрын тоқтатылды: аудан әкімі, аудан әкімінің орын­басары – 3 адам, облыстық (ау­дандық) маңызы бар қала әкімі, әкімнің орынбасары – 4 адам, ауылдық округ әкімі – 4 адам. Облыстық және аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың мамандары болып тағы 14 мәслихат депутаты та­ғайындалып, 3 аудандық мәс­ли­хат депутаты облыстық мәс­лихат депутаттары болып сай­ланды. Кандидаттарды ұсыну 2018 жылғы 28 тамызда басталып, 27 қыр­күйекке дейін өткізіледі.

Кан­­ди­даттарды тіркеу 2018 жыл­ғы 2 қазанда аяқталады. Отырыс барысында, со­нымен бірге Қазақстан Респуб­ли­касы Орталық сайлау комис­сиясы­ның «2018 жылғы 5 қа­занға тағайын­­далған Қазақстан Республи­­касы Парламентінің Се­наты депу­тат­­тарының сайлауында Қазақ­стан Респуб­ликасы Парламен­ті Сенаты­ның депутаттығына кан­ди­дат­тың республикалық бюджет қара­жатынан жабылатын шығыс­тарының мөлшерлерін белгілеу туралы» қаулысы қабылданды. Шығыстар «Қазақстан Респуб­ли­касындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конс­­титуциялық заңының 28-ба­­бының 3-тармағына, 33-ба­бы­ның 2-тармағына сәйкес, «2018-2020 жылдарға арналған рес­пуб­ликалық бюджет туралы» Қазақ­стан Республикасының заңына сәйкес әзірленді. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

egemen.kz


04 қыркүйек 2018 ж. 1 504 2

Гость Jeaplause от 16 ақпан 2019 21:54
Provera 2.5mg Dysmenorrhea From Canada Propecia Spain Online cheapest cialis Real Legally Acticin Free Shipping Next Day Delivery

Гость Jeaplause от 7 наурыз 2019 00:28
Viagra Mit 19 generic viagra Comprar Cialis Diario 5mg

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930