Сенатор зейнетақы қорындағы қаражатты ипотекаға жұмсауды ұсынды
Сенаторлар «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша пәтер сатып алуға қаражаттары жеткіліксіз қазақстандықтарға қалай қиындықтан шығуға болатынын ойластырды. Парламент депутаттары БЖЗҚ басшысына ипотека рәсімдеуге ақшалары жеткіліксіз халыққа өздерінің зейнетақы жинақтарын беруді ұсынды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеп.
Олар осы тәжірибені қолданатын шетелдегі тәжірибені мысалға келтірді. Алайда, қор төрағасы Нұрбүбі Наурызбаева бұл бастамағаны қолдамады.Қазақстанда зейнетақы қорындағы ақшаға ең алдымен, салымшылардың өздерінің қолдары жете бермейді. Бірақ, бүгін сенат орысында депутаттар жағдайды өзгертуге тырысты. Нариман Төреғалиев жас отбасыларды қолдаудың мүмкіндігін қарастырды. Сенатор оларға өз қаражаттарын пайдалануға рұқсат беру арқылы көмек көрсетуге болатынын айтты. Бірақ оның айтуынша, мұндай жеңілдіктер тек мұқтаж адамдарға ғана көрсетілуі керек.
«Бастапқы жарна құюға ақшалары жеткіліксіз жастардың «7-20-25» ипотекалық бағдарламасына қатысуына қолдау көрсету үшін оларға зейнетақы қорының қаражатын бағыттап, неге көмектеспеске. Мен үш-төрт пәтерлері бар адамдар жайлы емес, басында баспанасы жоқтар туралы айтып отырмын»,- дейді сенат депутаты Нариман Төреғалиев.
Алайда, оның жақсы бастамасын БЖЗҚ басшысы қолдамады. Нұрбүбі Наурызбаев заң мұндай функцияны қарастырмайтынын айтты. Оның сөзінше, зейнетақы қорындағы ақша тіпті адал еңбектің арқасында жиналса да, қандай да бір мүлікті сатып алуға бағытталмаған.
Stan.kz
Пікір 2