» » Назарбаев: Біз Тәжікстанға әрдайым көмек көрсетіп, қолдау білдірдік

Назарбаев: Біз Тәжікстанға әрдайым көмек көрсетіп, қолдау білдірдік



Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы биылғы 28 қыркүйекте өтетін ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Душанбе қаласына барды.
Қазақстан Президенті Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді.
Кездесуде тараптар екі жақты қатынастардың қазіргі мәселелерін және экономиканың түрлі секторларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективаларын талқылады.

– Елдеріміз арасында өзара сенімге негізделген қарым-қатынас орнады. Біз Тәжікстанға әрдайым көмек көрсетіп, қолдау білдірдік. Бүгінде осы ынтымақтастығымызды тереңдетіп, өзара сауда-саттықты ілгерілетуді көздеп отырмыз, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері арасындағы байланыстарды одан әрі нығайту және интеграциялық үдерістерді кеңейту үшін шаралар қабылдаудың маңызды екеніне назар аударды.
Тәжікстан Президенті екі ел арасында қалыптасқан қатынастардың стратегиялық сипаты туралы айтты.

– Қазақстан Тәжікстанның негізгі стратегиялық және экономикалық әріптестерінің бірі. Біздің сауда-экономикалық қатынастарымыз кеңейіп келеді, – деді Э.Рахмон.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық аренадағы беделін ерекше атап өтіп, көрсетіп отырған экономикалық және саяси қолдауы үшін Қазақстанға ризашылық білдірді.







Baq.kz

28 қыркүйек 2018 ж. 812 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930